Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ. Тұратын көз тартып Жаз келді күн шуақ.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы». Педагог сөздерді орыс тілінде атайды, балалар қазақ тіліне аударады.
купаются – шомылады загорают – қыздырынады отпуск – демалыс
вода – су
нравится – ұнайды играют – ойнайды скакалка – секіртпе
Сөздік ойын: «Сұраққа жауап бер» (доппен). Балалар шеңберге тұрады. Педагог ортада тұрып, балаларға доп лақтырады, сұрақ қояды:
– Сен жазда не істейсің ?
Балалар допты қағып алып:
– Мен жазда шомыламын», – деп жауап береді. Ойын осылай жалғасады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретке қара. Қысқа мәтін құра. Жазда балалар не істейді? Жыл мезгілінің ерекшеліктерін, қызықтарын естеріне түсіру. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 70
Білімберусаласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ерте, ерте ертеде ...
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Білімділік міндеті: сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін танып, білуге үйрету, халық ауыз әдебиеті арқылы тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: байқампаздық , салыстыру, жақсы қасиеттерді түсініп, өз ойларын айтуды дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: қазақ ертегілеріндегі жағымды кейіпкерлерден үлгі алуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: мақал-мәтел, жаңылтпаш айтады, ертегілердің кейіпкерлерін таниды, атайды.
Түсінеді: ертегі мазмұнын түсінеді.
Қолданады: білетін сөздерін қолдана біледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жыл мезгілдерінің суреттері, Ерден ата әні, үнтаспа, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, сандық, түрлі түсті асықтар, жұмыс дәптері, фишкалар.