Сүйікті кейіпкеріңді сал. Ол кім? Қандай ертегі? Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақ балалармен қоштасады.
№ 71
Білімберусаласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жұмбақ шешейік.
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру; өткенді қайталап бекіту. Білімділік міндеті: сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. меңгерген сөздерімен сөйлем құрауға жаттықтыруды жалғастыру.
Дамытушылық міндеті: қысқаша мәтін құруды дамыту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелікміндеті: білуге, ынталануға талпындыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жұмбақтарды шешеді, сөздерді айтады, мәтінді құрастырады.
Түсінеді: сөйлемді саналы түрде құрауды түсінеді.
Қолданады: дыбыстарды дұрыс айтады, ажырата алады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвалдыкомпонент: жұмбақ – загадка, қу – хитрый, ширақ – проворный.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастырукезеңі
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Ерте, ерте ертеде ...» тақырыпты қайталау. «Он тақия» ертегінің кейіпкерлерін ата. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды.
– Кім тапқыр? (Алдаркөсе)
– Кім сараң? (Бай)
«Кел, балалар, ойнайық» әні
Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық.
Қимылмен көрсете отырып жұмбақ жасыру.
Екi басы дөңгелек, Екi ұшы сүйiр, Қиғанға үйiр.
Ол – не? (қайшы) Қайшы туралы жаңылтпашты естеріне түсіру.
Жақсы қайшы Қайсы қайшы?
Балалар жаңылтпашты жай, жылдам қайталайды. Келесі жұмбақ.
Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айғай-шу. Ол – не? (түлкі).
Қу,ширақсөздерімен жұмыс. Шағын мәтін құрастыру.
Түлкі қандай жануар?
Балалар педагогтің көмегімен шағын мәтін құрастырады. Түлкі – жабайы жануар. Түлкі – қужануар.Түлкі –ширақжануар. «Айтылған дыбысқа сөз құра» ойыны.
Әр қатардағы сұрақтың жауабы «қ» дыбысынан басталады.
Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
Оқу құралы (қарындаш)
Көгөніс (қызанақ)
Ұлттық баскиім (қалпақ)
Ыдыс (қазан)
Түс, түр (қара)
Үй жануары (қой)
Түлкі қандай? (қу).
Сұрақтардың жауабын тауып, тақтаға суреттерді іледі.