Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет170/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171

«Қолғап» ертегі


(Украин халық ертегісі)
Орманда бір атай Итімен келе жатып, қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған Тышқан жүгіріп келеді.
Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Енді мен осында тұрамын.
Шыршалардың арасынан Бақа шығады. Бақа: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қап тесер Тышқанмын. Ал сен кімсің? Бақа: Мен Бақамын. Қолғапқа мені кіргізші?
Тышқан: Мұнда орын жетеді. Кір, Бақа. Шыршалардың арасынан Қоян шығады. Қоян: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қап тесер Тышқанмын. Бақа: Мен Бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: Мен қорқақ Қоянмын. Қолғапқа мені де кіргізіңдерші? Мен суықта тоңдым. Тышқан: Мұнда орын жетеді. Кір, Қоян.
Қолғапқа Түлкі бикеш келеді. Түлкі: Қолғапта кім тұрады.
Тышқан: Қаптесер Тышқан тұрады. Бақа: Секек Бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық Қоян тұрады. Ал сен кімсің?
Түлкі: Мен Түлкі бикешпін. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.
Қоян: Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел, кір, Түлкі. Шыршалардың арасынан Қасқыр шығады.
Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер Тышқан тұрады. Бақа: Секек Бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық Қоян тұрады.
Түлкі: Түлкі бикеш тұрады. Ал сен кімсің? Қасқыр: Мен Қасқырмын мені де кіргізіңдерші. Түлкі: Бізде орын жетеді. Кел, кір, Қасқыр Қолғапқа Қабан келеді.
Қабан: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер Тышқан тұрады. Бақа: Секек Бақа тұрады
Қоян: Зымырауық Қоян тұрады. Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.
Қасқыр: Қасқыр тұрады. Ал сен кімсің?
Қабан: Мен сояу тісті Қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші. Қабан қолғапқа кіреді.
Шыршалардың арасынан Аю шығады. Аю: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер Тышқан тұрады. Бақа: Секек Бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық Қоян тұрады. Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.
Қасқыр: Қасқыр тұрады.
Қабан: Сояу тісті Қабан тұрады. Ал сен кімсің? Аю: Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші. Тышқан: Жоқ.
Бақа: Мұнда орын жоқ.
Қоян: Сен дәусің қалай кіресің? Аю қолғапқа кіреді.
Жоғалған қолғабын ата есіне алып, Итімен іздеп келеді. Ит: әуп-әуп-әуп,
Қолғаптан тез шығыңдар!
Аңдардың қолғап үйін ата Итімен келіп алып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет