Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
«Жаз қызығы» өткен тақырыпты қайталау. «Жазда не істейді?» сұраққа жауап беру. Педагог суреттер көрсетеді, балалар жауап береді.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Ерден ата әнін тыңдау. Кел, балалар, тұрмаңдар Бізде қызық думан бар. Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар.
Қуыршақ Сәуле балалардан қандай ертегіні жақсы көретіндерін сұрайды. Олардан өздерінің сүйікті ертегілерін атын атауға тапсырма береді.
Сәуле мен Арман балаларға сыйлық әкелді, Ол – «Он тақия» ертегісі.
«Он тақия» ертегісін көрсетіп (тыңдатып) талдау.
– Ертегі ұнады ма?
– Ертегі кейіпкерлерін ата.
– Бай Алдаркөсеге не деді?
– Әй, Алдар, маған да бір тақия тігіп берсеңші.
– Алдаркөсе не айтты?
– Неге тікпеске. Жарты метр мата, жүз теңге ақша берсеңіз, ертең-ақ дайын болады, байеке.
– Соңғы рет келгенде бай не деді Алдаркөсеге?
– Өй! Мыналарың кішкене ғой, қалай киемін!
– Алдаркөсе не айтты?
– Сіздің берген матадан бір үлкен не он кішкене тақия шығады. Тақияларды кезекпен киесіз.
– Кім тапқыр? (Алдаркөсе)
– Кім сараң? (Бай)
– Саған кім ұнады? Сипатта.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық Қолды белге қоялық. Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Алға бір адым,
Артқа бір адым. Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
«Сандық» ойыны. Сандықта түрлі түсті асықтар. Балалар кезекпен асықты алады, түсін айтып, сәйкес қағазды көрсетеді. Әр түсте әртүрлі тапсырмалар.
Балалар 3 топқа бөлінеді. Педагог түрлі түсті қима материалдарын таратады. Балалар оларды түстеріне сәйкес біріктіреді.
Қызыл түс. Жаңылтпаш жарысы. Жасыл түс. Мақал-мәтел жарысы.
Сары түс. Ертегі жарысы. (балаларға таныс ертегілер: Шалқан, Қолғап, Екі лақ, Қарлығаш пен Дәуіт.) Ертегі кейіпкерлерін айтып, суретін табады. Ертегінің атын айту керек.
Кейіпкерлер сөзін естеріне түсіру. Көк түс. Тақпақ жарысы.