Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Ауызекі сөйлеу белсенділігін арттыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: жаңаны білуге деген құштарлықтарын арттыру және қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Барлығы–72сағат
ІІ.Ұйымдастырылғаноқуқызметініңжоспарлары
№1
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет.
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің балабақшам.
Мақсаты: балаларды өз балабақшасы туралы әңгімелей білуге үйрету.
Білімділік міндеті: балабақша туралы түсініктерін кеңейту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті:сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру, сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру. Тәрбиелікміндеті: білімпаздыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, диалогке қатысады.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді, жауап береді.
Қолданады: сөйлемдер құрайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатынкөрнекіқұралдар: ұлттық киімдегі әдемі қуыршақтар Сәуле мен Арман,
демонстрациялық материалдар, слайд: «Біздің балабақша», суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар.
Билингвалды компонент: біздің балабақша – наш детский сад, әдемі – красивый, кең – просторный, жарық – светлый, таза – чистый.