Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет30/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Билингвалды компонент: асүй – кухня, музыка залы – музыкальный зал, спорт залы – спортивный зал, дәрігер бөлмесі – кабинет врача, қазақ тілі кабинеті – кабинет казахского языка.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сөздік ойын: «Күн шуағы». Педагог сандықтан арнайы жасалған ойыншық күнді шығарады. Бір-бірлеріне күнді ұсынып, тілектер айтады (педагогтің көмегімен).
  1. Негізгі кезең


Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

  • Сәлеметсіздер ме?!

Дидактикалық ойын:«Тыңда, көрсет, қайтала». Балаларға балабақшаның суретін көрсетіп, өткен оқу қызметін қайталайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Жаңа сөздермен таныстыру. Ойын: «Біз саяхат жасаймыз».
Тамаша ғой бақшамыз, Саяхатқа шығамыз.
Алға басып келеміз, Бәрін, бәрін білеміз.
Слайд: «Балабақша бөлмелері». Слайд арқылы балабақша бөлмелеріне саяхаттау.

    • Мынау – дәрігер бөлмесі. Дәрігер бөлмесінде дәрігер отырады. Дәрігер балаларды емдейді.

    • Мынау – асүй. Асүйде аспаздар балаларға ас дайындайды.

    • Мынау – музыка залы. Музыка залында кімдер бар?

    • Музыка залында музыка жетекшісі, балалар бар. Балалар би билеп, өлең айтады.

    • Мынау – спорт залы. Балалар жаттығулар жасап, спортпен шұғылданады.

Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынады және сөздерді қайталап, естеріне сақтауды ескертеді.

Ші-ші-ші – бір-ін-ші қа-бат-та дәрігер бөл-ме-сі. Дәрігер бөлмесінде мейірбике отырады. Ші-ші-ші – е-кін-ші қа-бат-та қазақ тілі бөлмесі бар.

    • ең-ең-ең – балабақша кең.

    • ық-ық-ық – бөлмелер жарық.

    • нық-нық-нық – жоғары шық (балалар қайталайды).

Мәтін үлгісі. Біздің балабақша үлкен. Балабақша әдемі, таза. Балабақшада спорт залы , музыка залы, асүй, дәрігер бөлмесі, қазақ тілі кабинеті бар. Музыка залы, қазақ тілі кабинеті әдемі. Спорт залы үлкен.
3-4 бала мәтінді қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет