Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып Біз сергіп алайық.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог сөздерді орыс тілінде айтады, балалар аударады. Мемлекеттік Рәміздер – Государственные Символы
Ту – Флаг қыран – орел
ою – орнамент
күн шуақтары – лучи солнца
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
«Мнемо кестесі» бойынша Мемлекеттік Туды сипатта, сөйлем құра.
Мемлекеттік Туда күн бейнеленген. Күннің түсі сары. Мемлекеттік Туда қыран құсбейнеленген.МемлекеттікТудаою-өрнекбейнеленген.МемлекеттікТудыңтүсікөгілдір. Тақпақ жатта.
Қазақстан жалауы Жалауымда көгілдір, Күн күледі төгіп нұр. Қыран-бейне қанатты,
Көкке самғар – еліммен!
Ө.Ақыпбекұлы
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№25
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Мемлекттік Рәміздер. Мемлекеттік Елтаңба.
Мақсаты: Мемлекеттік Рәміздердің қазақша атын үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Білімділік міндеті: Мемлекеттік Елтаңбаны сипаттай білу үйрету, тақпақты жаттау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелікміндеті: Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.