Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет80/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1.Суретте нелер бейнеленген? Қайтала. Сен Алматыда болдың ба? Саған ұнады ма? 2.Тыңда. Таныс сөздерді тап, ата.
Алматымыз – күн қала, Желек жайған гүл қала. Көктөбе мен Медеуі
Таңғажайып тұр дара. Алматы – нұр қала, Алматы – жыр қала, Күн сайын құлпырған, Мәңгі жас – бұл қала.
(А. Асылбеков)
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Сендерге не ұнады? Қызықты болды ма? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.


№29


Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: шағын мәтіндер құрауды үйрету жалғастыру.
Білімділік міндеті: қыс мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айтуға үйрету, тақпақ,
жаңылтпаш жаттауға және диалогке қатысуға үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: жаңа сөздерде қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, қоршаған орта жайлы ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту.
Тәрбиелік міндеті: қоршаған ортаны бақылату, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, қарапайым диалогке қатыса алады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: шағын мәтіндер қайталайды, сұрақтарға толық жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, қыс мезгілі туралы слайд (интербелсенді тақтада), постер, қима материалдар, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: қыс – зима, қыс қызығы – зимние забавы, қар – снег, аққала – снеговик, сырғанақ – каток, шана – сани, коньки – коньки, сүңгі – сосулька.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет