Жасайды: Мемлекеттік Елтаңбаны сипаттайды, тақпақты жаттайды.
Түсінеді: тақпақтың мағынасын, сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: Қазақстан Республикасының рәміздерін айтады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, постер, суретті сөздіктер, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: елтаңба – герб, қанатты пырақ – крылатый конь, жұлдыз – звезда, күн сәулесіндей – как луч солнца, шаңырақты айнала – вокруг шанырака.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқылдайды қаламыз, Жарқылдайды даламыз. Қайырлы күн!
Күніміз сәтті болсын!
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?!
Отан жайлы слайдтар арқылы өткен тақырыпты қайталау.
Мемлекетіміздің рәміздерін ата? (Мемлекетіміздің рәміздері: гимн, ту, елтаңба). Мемлекеттік Туда не бейнеленген? (Қыран, күн, ою-өрнек бейнеленген).
Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Мемлекеттің Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков).
Постермен жұмыс.
Педагог шағын мәтінді оқиды.Мынау–МемлекеттікЕлтаңба.Елтаңбамыздашаңырақ,күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген. Төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.МемлекеттікЕлтаңбаныңавторы–ЖандарбекМәлібековпенШот-АманУәлиханов.
Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген?
Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген.
Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім?
Мемлекеттің Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді, мәтінді қайталайды.