– Шеңберге тұрып, достарымызбен қол ұстасайық. Барлығымыз жақсы көңіл күйдебір-бірімізгетілегіміздіайтайық! Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру, Қандай жақсы дос болу!
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?!
Өткен«Әсем қала – Алматы» тақырыптықайталау. Ойын: «Алтын сақа». Балалар сақаны бір-біріне береді. Сақаны қолына алған бала тақырып бойынша сөз, сөйлем айтады.
Жаңасөздерментаныстыру. Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Суреттегі
балалардың іс-әрекетіне көңіл аудару. Сұрақ қоя отырып, таныс сөздерді қайталау және жаңа сөздермен таныстыру.
Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Жыл мезгілі – қыс.
Мынау не? Мынау – қар. Ақ-ақ – ақ қар.
Қардан не жасаймыз?
Аққала жасаймыз.
Мынау – сырғанақ.
Мынау не?
Мынау – сырғанақ.
Балалар сырғанап жүр.
Балалар не істеп жүр?
Балалар сырғанап жүр.
Шанамен сырғанап жүр. Конькимен сырғанап жүр.
Немен сырғанап жүр?
Шанамен сырғанап жүр. Конькимен сырғанап жүр.
Бұлар – қыс қызығы.
Балалар таныс және жаңа сөздерді қайталайды. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады). Қ-қ- қ - қа – қар.
Қ-қ-қ-қ -нақ-нақ – сырғанақ.
Педагог шағын әңгіме құрап айтады. Мынау – қыс мезгілі.Дала аппақ қар. Қыста балалараққала жасады.Балалар шанамен, конькимен сырғанап ойнап жүр. Бұлар – қыс қызығы.Балалар қайталайды.