Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет90/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады) Қ-қ-қ -тоқ-тоқ – тоқылдақ - то-қыл-дақ.

Сергіту сәті


Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің.
Ойын «Жалғастыр». Педагогтің қимылына, ым-ишарасына қарап, сөйлемді аяқтайды. Мысалы: Аю ...(үлкен), түлкі ...(кішкене). Құстар ...(ұшады), қасқыр (жүгіреді).

    • Жанурларға тиісуге бола ма?

    • Жоқ, болмайды. Жануарларды қорғау керек. Мақал-мәтелмен таныстыру, мағынасын түсіндіру.

Табиғат – біздің анамыз, Біз – табиғатқа панамыз.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


  1. Суретке қара. Қай жыл мезгілі бейнеленген? Жануарларды ата. Тиін қайда отыр?

  2. Суретке қара. Тоқылдақты тап. Белгіле. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  3. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.

    • Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.


№ 34


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің киімдерім
Мақсаты: киімінің қазақша атауларын еске түсіру, жаңа атаулармен таныстыру;
Білімділік міндеті: сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Киімдерін меншіктеп айта алуға үйрету. Киімдерді жекеше және көпше түрде айта алуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алу дағдыларын дамыту. Артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет