Суретке қара. Қандай мереке бейнеленген? Мерекеге кімдер келді? Әңгіме құра.
Шыршаны безендіреміз. Ойыншықтардың суретін сал. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?»
Ойынның мақсаты: сөздерді, сөйлемдерді түсініп, меңгерту.
Ойынның шарты: педагог сөйлем айтады, балалар оның дұрыстығын анықтайды, дұрыс болса: «Дұрыс», – деп, дұрыс емес болса: «Бұрыс», – деп айтады.
– Қыста жаңбыр жауады.
Бұрыс.
– Жаңа жыл мерекесі жазда болады.
– Бұрыс.
– Қар сары.
– Бұрыс.
– Қыста суық, аяз болады.
– Дұрыс.
– Қыста біз шаңғы тебеміз.
– Дұрыс.
– Сәбіз ағашта өседі.
– Бұрыс.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Біз бүгін не істедік? Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы
белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№33
Білімберусалалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі. Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат
Мақсаты: ормандағы жануарлар мен құстардың атауларын дұрыс айта алу, білімдерін бекіту.
Білімділік міндеті: сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, қарапайым сұрақ қойып, оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелікміндеті: табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: сөздерді дұрыс айтады, сөйлемдер құрастырады.
Түсінеді: сұрақтарды, жаңа сөздерді түсінеді.