Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет87/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   171

Негізгі кезең


Жаңа сөздермен таныстыру. Сиқырлы қалам постерімен жұмыс. Балалармен бірге суреттер арқылы сөздерден сөйлем құрау.
Қыста Жаңа жыл мерекесі болады. Бұл мерекені отбасымызбен, достарымызбен бірге тойлаймыз.
– Суретте Аязата, Ақшақар және балалар бейнеленген.
– Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?
– Суретте Аязата, Ақшақар және балалар бейнеленген.
– Мынау – Ақшақар.
– Мынау кім?
– Мынау – Ақшақар.
– Мынау – сыйлықтар.
– Мынау нелер?
– Мынау – сыйлықтар.
– Ақшақар балаларға сыйлық таратып жатыр.
– Ақшақар балаларға не таратып жатыр?
– Ақшақар балаларға сыйлық таратып жатыр.
– Мынау – Аязата.
– Мынау кім?
– Мынау – Аязата.
– Аязата балалардың тақпақтарын тыңдап отыр.
– Аязата не істеп отыр?
– Аязата балалардың тақпақтарын тыңдап отыр.
– Балалар көңілді. Мерекеде ән айтып, тақпақ оқиды, ойын ойнайды.
– Балалардың көңіл күйлері қандай?
– Балалар көңілді. Мерекеде ән айтып, тақпақ оқиды, ойын ойнайды.
– Мынау – шырша.
– Мынау не?
– Мынау – шырша.
Балалар шыршаны айналып ән айтады. Балалар не істейді?
Балалар шыршаны айналып ән айтады.
Балалар сұрақтарға жауап беру барысында жаңа сөздерді жеке, хормен қайталау.

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Қ-қ-қ-қ -Ақ-қ-ша-қ-қар- Ақшақар
Қ-қ-қ-қ- сый-лық-қ- сыйлық.
Педагог шағын мәтін құрап айтады. Қыста Жаңа жыл мерекесі болады. Мерекеге Аязата мен Ақшақар келеді. Аязата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар әкеледі. Балалар мерекеде ән айтып, тақпақ оқиды, ойын ойнайды.
Балалар мәтінді қайталайды.
Сергіту сәті: Педагог ортаға шыршаны қойып, балалар шыршаны айнала ән айтады.
«Жаңа жыл» әні.
Жаңа жыл, жаңа жыл! Жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр.

Тамаша, тамаша!


Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Көрікті, бөрікті, Аязата келіпті,


Тақпақ айтқан балаға, Сыйлықтарын беріпті.
А. Асылбеков


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет