Көру – көзбен көру.
Тыныс алу – мұрынмен дем алу. Есту – құлақпен есту.
Ұстау – қолмен ұстау.
Сергітусәті.Педагогқимылменайтып,балаларқайталайды. Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ.
Тақпақты жаттау.
Неүшін?
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
(Қадыр Мырза Әли)
Жұмыс дәптерімен жұмыс:
1.Суреттерге қара. Дене және сезім мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай сөйлем құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Үлгі бойынша сөйлем құрастыру. Үлгі: Көзбенкөреді. Дидактикалық ойын: «Мұрын, мұрын, мұрын »
Мұрын, мұрын, мұрын – бас. Мұрын, мұрын, мұрын – қол. Мұрын, мұрын, мұрын – аяқ.
Балаларды шатастырып, басқа дене мүшелерін көрсетуге болады.
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Балалар қуыршақтармен қоштасады.
№38
Білімберусалалары: Қатынас, денсаулық
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз.
Мақсаты: заттың атын, қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды дағдыландыру.
Білімділік міндеті: тазалыққа байланысты сөздердің қазақша атауларын және осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрауға үйрету. Тақпақты жаттау жолдарын үйретіп, жатқа айта білу
дағдыларын жетілдіру.