Жасайды: дене мүшелерінің атқаратын қызметін ажыратып қазақша атайды, жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс қайталайды.
Түсінеді: сөздерді, қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады:сөздермен сөйлемдердіқолданады,сұрақтарғажауапбереді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ұлттық киімдерінің суреттері, қуыршақ, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: дене мүшелері – части тела, сезім мүшелері – органы чувств, көру – видеть, тыныс алу – дышать, есту – слышать, ұстау – держать, сурет салу – рисовать, жазу – писать, жүгіру – бегать, жүру – ходить.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастырукезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Ұлттық киім» тақырыпты қайталау. Қуыршақтар ұлттық киімдерінің суреттерін көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Дидактикалық ойын: «Не көріп тұрсың?»
Қуыршақтың дене мүшелерін атаймыз.
Мынау – басы. Мынау – қолы. Мынау – аяғы. Бұлар – дене мүшелері. Жаңа сөздермен таныстыру.
– Көз көру үшін керек.
– Көз не үшін керек?
– Көз көру үшін керек.
– Құлақ не үшін керек?
– Құлақ есту үшін керек.
– Мұрын дем алу үшін керек.
– Мұрын не үшін керек?
– Мұрын дем алу үшін керек.
– Қол ұстау үшін керек.
– Қол не үшін керек?
– Қол ұстау үшін керек.
– Қол жазу үшін керек.
– Қол не үшін керек?
– Қол жазу үшін керек.
– Қол сурет салу үшін керек.
– Қол не үшін керек?
– Қол сурет салу үшін керек.
– Аяқ жүру үшін керек.
– Аяқ не үшін керек?
– Аяқ жүру үшін керек.
– Аяқ жүгіру үшін керек.
– Аяқ не үшін керек?
– Аяқ жүгіру үшін керек.
– Көз, құлақ, мұрын, қол – бұлар сезім мүшелері.
Балалар жаңа сөздерді, сөйлемдерді қайталайды.