Дамытушылық міндеті: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: тазалыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: тазалық заттарын атайды, сөйлемдер құрады.
Түсінеді: жұмбақтарды, мақалды түсінеді.
Қолданады: қарапайым сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, тазалық заттарының және дене мүшелердің суреттері, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар.
Сөздікжұмыс: сүлгі, сабын, тарақ, айна, фишкалар.
Билингвалдыкомпонент: Біз тазалықты сүйеміз. – Мы любим чистоту.
сабын – мыло, тарақ – расческа, сүлгі – полотенце, жөке – мочалка, жуамыз – моем, сүртеміз
вытираем, тараймыз – расчесываем.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Қол ұстасып, кәне, біз, Достасайық бәріміз.
Қандай жақсы бір тұрып, Достарменен бір жүру.
Шығу үшін шымыр боп, Шынығамыз шаршамай. Бойымызға күш жинап, Аламыз сосын тыныс жай!
Ғажайыпсәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман топқа келеді. Сәлемдесу.
Өткен тақырыпты қайталау. Ойын жаттығуы: «Не үшін керек?» Педагог суретті көрсетіп, олардың аттарын айтады және сұрақ қояды.
Мынау – қол. Қол не үшін керек?
Балалар әр дұрыс жауап үшін бір фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Сәуле мен Арман тазалық заттарын алып келеді.
Сәуле, не әкелдіңдер?
Тазалық заттарын. Олар бізге таза жүру үшін керек. 2.Негізгікезең
«Тазалық – денсаулық кепілі» мақалын балаларға түсіндіру.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалықты сақтауымыз керек.
Жаңа сөздермен таңыстыру.
Тазалық сақтауға сабын, жөке, сүлгі, тарақ қолданамыз.