Сергіту сәті
Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт
Шапалақты соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу етіп,
Шанаменен зулаймыз. Шынығамыз жалықпай, Коньки, шаңғы тебеміз.
Педагог тақпақ оқиды: «Киім – бұйым»
Бір дегенім – бөрік, Кисең береді көрік. Екі дегенім – етік, Киер сәнді етіп.
Үш дегенім – ішік, Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенім – тымақ, Қыста кисең, жылы-ақ. Бес дегенім – байпақ, Іші жылы, жайпақ.
Алты дегенім – алқа, Мойныңа тақ, қалқа. Жеті дегенім – жейде, Көйлек деп жүр кейде. Сегіз дегенім – сеңсең, Жылысы тонның сенсең. Тоғыз дегенім – телпек, Болма, бала, тентек.
Он дегенім – оймақ, Жүрме босқа ойнап.
Қандай таныс сөздер бар? (Балалар таныс сөздерді атайды: бөрік, етік, жейде, тон).
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Ұлттық киімді ата. Кім не киеді? Сызықпен қос. Сөйлем құра. Үлгі: Ата шапан киеді. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы
белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№37
Білім беру салалары: Қатынас, денсаулық
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Дене мүшелерінің атқаратын қызметі.
Мақсаты: дене мүшелерінің атқаратын қызметін айта алуға үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Тақпақты жатқа айтуға дағдыландыру. Сөздерді бір-бірімен
байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, тіл мәдениетін дамыту. Тілдік және артикуляциялық аппаратты дамыту. Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |