Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)



бет53/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Ү-ү-ү-ү- дүүй-сенбі Ә-ә-ә- сәәр-сенбі
Ұ-ұ-ұ- жұұ-ма

Сергіту сәті


Таңертең тұрамын, Қолымды жуамын. Тісімді тазалап, Бетімді жуамын.
Шашымды тараймын, Киімімді киемін, Бақшама барамын.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1. Сөйлемдерді тыңда. Балалар әр апта күнінде не істеді? Суреттен көрсет. Балалар дүйсенбіде доп ойнады.
Сейсенбі күні серуенге шықты. Сәрсенбіде сурет салды.
Бейсенбіде би билеп, ән салды. Жұмада жидек терді.
Сенбіде кино көрді.
Жексенбіде үйлерінде демалды. Балалар осылай бір аптаны өткізді.
Педагог сөйлемдерді оқиды, мазмұнын түсіндіреді.
Апта күндерін бірнеше рет қайталатып айтқызады: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

3.Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№15


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Білімділік міндеті: отбасы мүшелерінің атын қазақша айтуға, сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету, тақпақ, мақал-мәтел жаттау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Тілдік және артикуляциялық аппаратты дамыту. Тәрбиелік міндеті: үлкенге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: отбасы мүшелерін ажыратып, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, байланыстырып сөйлейді, тақпақ жаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет