Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Түсінеді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін түсінеді. Қолданады



бет54/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Түсінеді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін түсінеді.
Қолданады: таныс сөздерді күнделікті өмірде қолданады, мақал-мәтел айтады. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, отбасымен түскен суреттер, фотоальбом, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, қарындаш.
Билингвалды компонент: аға – старший брат, іні – младший брат, әпке – старшая сестра, сіңлі, қарындас – младшая сестра.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер.

  • Балалар, бір-біріңе аналарың еркелетіп атайтын аттарыңды айтыңдар. Өткен тақырыпты қайталау. Сөздік ойын: «Мен бастаймын, сен қошта». Педагог апта күндерін қайталауды ұсынады.

Апта күндері.
Апта деген атайдың Жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі – дүйсенбі, Екіншісі – сейсенбі, Үшіншісі – сәрсенбі, Төртіншісі – бейсенбі, Бесіншісі – жұма, Алтыншысы – сенбі, Жетіншісі – жексенбі.

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Біріншісі қай күн? Жетіншісі қай күн?
  1. Негізгі кезең


Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

  • Сәлеметсіздер ме?! Қуыршақтар хат алып келеді.

Педагог: Қараңдаршы, бізге хат келіпті (ішінде алдын ала салынған балалардың ата- аналарының суреті).

  • Қандай керемет, мына суретте кім бар?

Бала отбасы мүшелерінің фотосуреттерін тауып, олар туралы әңгімелейді.

Жаңа сөздермен таныстыру.


  • Аға – старший брат. А-а – аға. Мынау кім?

  • Мынау – аға.

  • Әпке – старшая сестра. Ә-ә – әпке. Мынау кім?

  • Мынау – әпке.

  • Іні – младший брат. Мынау кім?

  • Мынау – іні.

  • Сіңлі – младшая сестра сестры. Мынау кім?

  • Сіңлі, сің-лі.

  • Қарындас – младшая сестра брата.

  • Қарындас, қа-рын-дас.

  • Мынау кім?

  • Мынау – қарындас.

Педагог балаларды менің есімдігімен таныстырады. Өзі айтады: Менің қарындасым. Менің сіңлім.

  • Қарындасың бар ма?

  • Сіңлің бар ма?

  • Менің сіңлім/қарындасым бар.

  • Сенің ағаң бар ма?

  • Менің ағам бар.

  • Сенің әпкең бар ма?

  • Менің әпкем бар.

  • Сенің отбасыңда неше адам бар?

Балалар сөздерді, сөйлемдерді жеке және хормен қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет