Жасайды: отбасы мүшелерін ажыратып, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, байланыстырып сөйлейді.
Түсінеді: қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді.
Қолданады: таныс сөздерді күнделікті өмірде қолданады, мақал-мәтел айтады. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ғажайып барабан, отбасымен түскен суреттер, фотоальбом, қима материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш.
Билингвалды компонент: отбасы – семья, тату тұрамыз – живем дружно, атамның аты – дедушку зовут, әжемнің аты – бабушку зовут, ғажайып алаң – поле чудес.
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?!
Балаларға «Ғажайып алаң» ойынын ойнауға шақырады.
Негізгі кезең
Балалар барабанды айналдыра отырып, ұпай жинайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.
Бірінші тапсырма: Санамақты еске түсіру, отбасы мүшелерін атау.
Атам, әжем, Әкем, шешем. Әпкем, сіңілім,
Ағам, інім және мен. Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз.
Екінші тапсырма: Отбасы туралы қандай мақал білесіңлер?
Балалармақалдардыестерінетүсіреді. Отан отбасынан басталады.
Баланың бас ұстазы – ата-ана.
Інісі бардың – тынысы бар, Ағасы бардың – жағасы бар.
4.Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
Үшінші тапсырма: Отбасымен түскен суреттер, фотоальбоммен жұмыс. Балалар өздеріне таныс сөздерді атайды және сөздерден сөйлем құрайды.
Мынау – менің отбасым. Мынау – ата. Атамның аты Атам теледидар көреді.
Мынау – менің әжем. Әжемнің аты Әжем ән айтады.
Мынау – менің әкем. Әкемнің аты Әкем ойыншық берді.
Мынау – менің анам. Анамның аты Анам тамақ пісіреді. Біз тату тұрамыз.
Төртінші тапсырма: Диалог құру. Сұрақтарға жауап беру. Балалар бір-біріне сұрақтар қояды.
Сенің ағаң бар ма?
Ағаңның аты кім?
Сенің әпкең бар ма?
Әпкеңнің аты кім? т.с.с
Бесінші тапсырма. Дидактикалық ойын: «Тыңда, есте сақта, қайтала». Қуыршақ Сәуле сан тіркесімен отбасы мүшелерін айтады, балалар тыңдап алып, қайталаулары керек. Мысалы: менің 2 әжем, 1 атам, анам, 3 інімбар.