Шаттықшеңбері:педагогбалаларғаөлеңдібіргеқимылменайтуғаұсынады. Достар, бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер.
Ғажайып сәт: Қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Балалармен амандасады. Ойын ұйымдастырады.
Өткен «Менің отбасым» тақырыпты қайталау. Сөздік ойын: «Мен бастаймын, сен қошта». Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Педагог балаларғабалабақшаныңсуретінкөрсетіп,сұрақтар қояды.
Мынау не?
Бұл – балабақша.
Балалар қайда келді?
Балалар балабақшаға келді.
Балалар не істеп жүр?
Балабақша ауласында ойнап жүр.
Саған балабақшада көңілді ме?
Иә, балабақшада көңілді. Балабақшада балалар көп. Олар бір-бірімен дос.
Дос, дос-ы-ң, се-н-і-ң до-сың. Ме-н-і-ң до-сым.
Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынадыжәнесөздерді қайталап, естерінесақтауды ескертеді.
Артем, сен кіммен ойнайсың? Артем, Арлан сенің досың ба?
Иә. Менің досым – Арлан.
Артем, Арлан – достар.
Достар қалай ойнайды?
Достар тату ойнайды.
Біз Артем екеуміз дос-пыз, та-ту ойнаймыз.
Біз-дің до-сы-мыз көп (балалар қайталайды).
Педагогмақал-мәтелдітүсіндіреді. «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» .
Жаңа сөздерді естерінде сақтату: дос – друг, достар – друзья, тату – дружно, біздің достарымыз – наши друзья