Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет73/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: Мемлекеттік Елтаңбаны сипаттайды, тақпақты жаттайды.
Түсінеді: тақпақтың мағынасын, сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: Қазақстан Республикасының рәміздерін айтады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, постер, суретті сөздіктер, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: елтаңба – герб, қанатты пырақ – крылатый конь, жұлдыз – звезда, күн сәулесіндей – как луч солнца, шаңырақты айнала – вокруг шанырака.


ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқылдайды қаламыз, Жарқылдайды даламыз. Қайырлы күн!
Күніміз сәтті болсын!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

    • Сәлеметсіздер ме?!

Отан жайлы слайдтар арқылы өткен тақырыпты қайталау.
Мемлекетіміздің рәміздерін ата? (Мемлекетіміздің рәміздері: гимн, ту, елтаңба). Мемлекеттік Туда не бейнеленген? (Қыран, күн, ою-өрнек бейнеленген).
Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Мемлекеттің Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков).
    1. Негізгі кезең


Постермен жұмыс.
Педагог шағын мәтінді оқиды. Мынау Мемлекеттік Елтаңба. Елтаңбамызда шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген. Төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

  • Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген?

  • Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген.

  • Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім?

  • Мемлекеттің Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді, мәтінді қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет