Сергіту сәті
Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық.
Билегіміз келеді, Әдемілеп ән салып.
Би: «Қуыр-қуыр Қуырмаш»
ІІІ айналым: Жаңылтпаштарды қайталап айту арқылы жарысу. Педагог жаңылтпаштарды айтады, балалар жай, жылдам қайталайды.
Доп теп, Дөп теп.
Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай.
Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ай-ай-ай,
Ұшып кетті торғай.
1.Суреттерді толықтырып аяқта. Бұл – не? Ата. Олар туралы жұмбақтар құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Асықтар саналып, жеңімпаз анықталады. Барлық балаларға ойынға қатысқандары үшін диплом беріледі.
Бүгін біз не істедік? Сендерге ұнады ма? Не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтарға рақмет айтып, қоштасамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |