Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ө-ө-ө-ө – көөөк-төбе- көктөбе Ә-ә-ә-ә - әсем- әсем.
Сергіту сәті: педагог балаларға сұрақ қойып, жауап алып қимылмен орындайды.
Күннің шыққаны жақсы ма?
Жақсы! (Күнді бейнелейді).
Желдің соққаны жақсы ма?
Жақсы! (Қолдарын көтеріп тербеледі).
Достарыңмен жүрген жақсы ма?
Жақсы! (Алға қарай адымдайды).
Туған өлкеде жақсы ма?
Жақсы! (Құшақтарын жаяды).
Балабақша жақсы ма?
Жақсы! (Басбармақтарын көрсетіп, қол соғады).
Ойын: «Жалғастыр». Сөздерді, сөйлемдерді бекітіп, қайталау.
Қа...(қала)
Кө... (көше)
Сая.. (саябақ)
Алматы... (Алматы – әдемі, әсем қала).
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суретте нелер бейнеленген? Қайтала. Сен Алматыда болдың ба? Саған ұнады ма? 2.Тыңда. Таныс сөздерді тап, ата.
Алматымыз – күн қала, Желек жайған гүл қала. Көктөбе мен Медеуі
Таңғажайып тұр дара. Алматы – нұр қала, Алматы – жыр қала, Күн сайын құлпырған, Мәңгі жас – бұл қала.
(А. Асылбеков)
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Сендерге не ұнады? Қызықты болды ма? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |