Негізгі кезең
Ойын: «Сиқырлы қоржын». ( Ішінде кесе, қасық, тәрелке). Балалар таныс заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.
Қандай кесе? Неше кесе? Түсі қандай? Қандай қасық? Қандай тәрелке? (Үлкен, кішкентай). Қоржынның екінші жағынан ұлттық ыдыстарды алып, жаңа сөздермен таныстыру, ұлттық ыдыстар туралы қысқаша мағлұмат беру.
– Мынау – торсық.
– Мынау не? (Жеке-жеке «торсық» сөзін дұрыс айтып жаттығып, естеріне сақтайды).
– Торсық теріден жасалады.
– Торсық неден жасалады?
– Торсық теріден жасалады.
– Мынау – тостаған.
– Мынау не?
– Мынау – тостаған.
– Мынау қандай тостаған? (Үлкен, кішкентай).
– Тостағанмен қымыз, айран ішеді.
– Тостағанмен не ішеді?
– Тостағанмен қымыз, айран ішеді.
– Тостаған ағаштан жасалған.
– Тостаған неден жасалған?
– Тостаған ағаштан жасалған.
– Мынау – ожау.
– Мынау не?
– Мынау – ожау.
– Мынау – ұлттық ыдыстар.
– Мыналар – нелер?
– Мынау – ұлттық ыдыстар.
Балалар сөздерді және сөйлемдерді тыңдап, қайталайды.
– Тостаған, торсық сөздеріндегі бірінші дыбыс қандай?
«Т» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы. (Табақ, тауық, тәрелке, тышқан, түлкі, Қима материалдармен жұмыс. Сөздерді бекітуге ойын: «Менде, сенде...». Балалар алдарындағы суреттерін атап, көршісінде ненің суреті екенін сұрайды. Мысалы: Менде тостаған. Сенде не?
Сергіту сәті: Ән: «Дастарқан».
Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан, Жаюлы тұр дастарқан. Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан
О-о-о!
Достарыңызбен бөлісу: |