Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар
балалармен қоштасады.
№ 43
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Асханада
Мақсаты: білім-дағдыларын бекіту; өткен сөздерді қайталау, бекіту
Білімділік міндеті: тақпақты зейін қойып тыңдауға, оның ішінен таныс сөздерді табуға жаттықтыру, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: ойлау, елестету қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, сұрақтарға жауап беру дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: сыпайы, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |