Негізгі кезең
Демонстрациялық суретпен жұмыс.
– Мынау қандай дүкен?
– Ыдыс – дүкені.
– Дүкенде қандай ыдыстар бар? Балалар таныс ыдыстарды атап, көрсетеді. Жаңа сөздермен таныстыру.
Дүкенде қазан бар. Мынау – қазан.
Мынау ... қазан сөзін айтып жаттығады. Дүкенде не бар?
Дүкенде қазан бар.
– Мынау – аққұман. Мынау – ... аққұман.
Аққұман – ыдыс. Дүкенде не бар?
Дүкенде аққұман бар.
Сюжеттік ойын: «Дүкен»
Балалар кезекпен дүкенге келеді. Педагог – сатушы. Диалог үлгісі:
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе!
– Кесе беріңізші.
– Қандай кесе?
– Үлкен, екі жасыл кесе.
– Міне, кесе алыңыз.
– Рақмет. Сау болыңыз.
– Сау болыңыз.
Үлгі бойынша балалар кезекпен ойнайды.
Сергіту сәті. Ән: «Дастарқан».
Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан, Жаюлы тұр дастарқан. Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан О-о-о!
Достарыңызбен бөлісу: |