Сергіту сәті:
Келіп көктем құстары, Бау-бақшада ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.
Дидактикалық ойын: «Жыл құстарын ата, көрсет» (сиқырлы қаламмен тексереді). Ойын «Құстар не істейді»
Құстар ұшады.
Құстар не істейді?
Құстар ұшады.
Құстар ұя жасайды.
Құстар не істейді?
Құстар ұя жасайды.
«Ұя» сөзінде бірінші дыбыс – Ұ.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ұ-ұ-ұ-ұя – ұя - ұя
Дидактикалық ойын: «Ұ» дыбысы бар ма, жоқ па». Педагог сөздерді айтады, балалар
«иә»,«жоқ», – деп жауап береді. Сөздер: үстел, тақта, аю, жануар, кұс, жұмыс, ұя, көктем, шөп.
Ойын «Біреу – көп»
Педагог бір және бірнеше құстың суретін көрсетіп, оны өзі айтады.
Құс – құстар.
Қарлығаш – қарлығаштар.
Қараторғай – қараторғайлар. (Балалар қайталайды).
Достарыңызбен бөлісу: |