Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет87/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   300

ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Достар бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер!

Бәрін біліп алатын, Мен бақытты баламын.

Ән «Кел, балалар, ойнайық» тыңдату. Ән қандай? Ән көңілді. Кө-ңіл-ді.

  1. Негізгі кезең


Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

– Сәлеметсіздер ме?!

Ойын ойнауға шақырады. «Қызық екен» ойыны

Балалар екі топқа бөлінеді. Педагог балаларға түрлі түсті суреті бар парақтарды таратады. Олар түсі бірдей парақтарды бір-бірімен біріктіреді. Екі топқа ортақ тапсырма беріледі, топтар кезекпен жауап береді. Әрбір жауап бір ұпай.



  1. Тапсырма. Күз тақырыбы бойынша сұрақтар:

    • Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата?

    • Күз айларын ата?

    • Күз туралы тақпақ оқы?

    • Сурет бойынша сөйлем құра.

  2. Көгөністер.

    • Қандай көгөністерді білесің?

    • Артығын тап? (Қызанақ, сәбіз, алма, пияз) қима суреттерден көрсету.

    • Сурет бойынша сөйлем құра.

  3. Жемістер.

    • Қандай жемістерді білесің?

    • Артығын тап? (Алма, өрік, алмұрт, құлынай).

    • Жемістер туралы жұмбақтар айтыңдар?

    • Сурет бойынша сөйлем құра.

  4. Жидектер.

    • Қандай жидектерді білесің?

    • Аудармасын тап? ягоды – ... (жидектер), смородина – ... (қарақат), клубника – ... (құлпынай), малина – ... (таңқурай).

    • Сурет бойынша сөйлем құра.

Ойын соңында ұпайларын санап жеңімпазды анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет