Жасайды: отбасы мүшелерін ажыратып, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, байланыстырып сөйлейді, тақпақ жаттайды.
Түсінеді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін түсінеді.
Қолданады: таныс сөздерді күнделікті өмірде қолданады, мақал-мәтел айтады. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, отбасымен түскен суреттер, фотоальбом, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, қарындаш.
Билингвалды компонент: аға – старший брат, іні – младший брат, әпке – старшая сестра, сіңлі, қарындас – младшая сестра.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер.
Балалар, бір-біріңе аналарың еркелетіп атайтын аттарыңды айтыңдар. Өткен тақырыпты қайталау. Сөздік ойын: «Мен бастаймын, сен қошта». Педагог апта күндерін қайталауды ұсынады.
Апта күндері.
Апта деген атайдың Жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі – дүйсенбі, Екіншісі – сейсенбі, Үшіншісі – сәрсенбі, Төртіншісі – бейсенбі, Бесіншісі – жұма, Алтыншысы – сенбі, Жетіншісі – жексенбі.
Бүгін аптаның қай күні?
Біріншісі қай күн? Жетіншісі қай күн?
Достарыңызбен бөлісу: |