Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ә-ә-ә – әже
Ә-ә-ә – әке
І-і-і- ің-ің – сің-лі.
Тақпақ жаттау. Педагог отбасы мүшелерін қайталап, тақпақты бірге қимылмен жасап, жаттауды ұсынады.
Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз, Басбармақ – әкем, Балаң үйрек – анам, Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен, Кішкентай бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Сергіту сәті. Дөңгеленіп тұрамыз, Керегені құрамыз.
Уықтарша иіліп,
Шаңырақты көтеріп, Қазақ үйді құрамыз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретті сипатта. Отбасы мүшелері не істейді? Өз отбасың туралы әңгіме құра.
Мақал-мәтілдерді жаттап ал.
Отан отбасынан басталады. Баланың бас ұстазы – ата-ана.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Мақал-мәтілдердің мазмұнын түсіндіреді. Балалар қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |