Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет14/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
 
Ассимиляция. Сөз құрамында неесе сөздердің аралығында көршілес 
келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі ассимиляция деп 
аталады. Ассимиляцияның негізінде бір дыбыс екінші дыбысты толық 
бағындыруы да, жартылай бағындыруы да мүмкін. Осыдан келіп, ассимиляция 
толық ассимиляция және жартылай ассимиляция деп екі түрге бөлінеді. Егер 
тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп, толық бағындырса, 
ассимиляцияның мұндай түрі толық ассимиляция деп аталады.Егер тетелес 
келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп өзгертпей, бір жақты, 
жартылай ғана икемдесе, онда ассимиляцияның мұндай түрі жартылай 
ассимиляция деп аталады. Көрші дыбыстардың бірінің екіншісіне ықпал ету 
бағытына (не ілгері, не кейін) қарай ассимиляция екі түрге бөлінеді. Оның бірі 
прогрессивті ассимиляция, екіншісі – регрессивті ассимиляция. Кейінгі 
дыбыстың алғашқы дыбысқа ықпал етіп, оны өзіне бағындыруы регрессивті 
ассимиляция деп аталады. 
 
Диссимиляция. Диссимиляция бір тектес дыбыстардың арасында 
болады. Біркелкі дыбыстардың неесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа 
дыбыстар немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруі диссимиляция деп 
аталады. Нәтежесіне қарағанда, диссимиляция- ассимиляцияға қарама-қарсы 
құбылыс. Ассимиляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар біркелкі немесе 
өзара ұқсас дыбыстар болып үндесе, диссимиляция құбылысы бойынша 
біркелкі немесе өзара өте жақын, ұқсас дыбыстар әр басқа немесе өзара 
ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгереді. 
 
Редукция мен Элизия. Белгілі бір фонетикалық жағдайда дыбыстардың 
әлсіреп көмескеленуі, соның нәтежесінде олардың дыбысталуының өзгеруі 
редукция деп аталады. Кейбір фонетикалық жағдайда дыбыстардың мүлдем 


18 
түсіп қалуы злизия деп аталады. Элизия редукциямен тығыз байланысты. 
Элизияны редукцияның нәтежесі деп айтуға да болады. Екінші сөзбен 
айтқанда, дыбыстардың түсіп қалуы олардың әлсіреп көмескелнеуінің 
нәтежесінде болады. Дауыстылардың ішінде редукцияланатын дыбыстар 
көбінесе қысаң дауыстылар. Мысалы: өзбек тілінде екпінсіз буындағы қысаң 
дауысты, екпін түскен буындағы дауыстыға қарағанда редукцияланып көмескі 
айтылады. Киши-кишк (кісі), кизил-кизил (қызыл) т.б. Диэреза. Көп жағдайда 
ассииляцияға негізделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет