16
айтылады. Мұндай қасиетке, әдетте, екпін түскен буын ие болады. Осыған
орай, екпін түскен буын екпінді буын деп аталады. Екпін түскен
буын басқа
буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.
1 Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы
ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін
деп аталады.
2 Басқа буындардың ішінен бір буын айтылуы
тонының ырғағы арқылы
ерекшеленіп, дауыс шымылдырығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпінің
бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады.
3 Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының
созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.
Кейбір
тілдерде, мысалы,
орыс тілінде, екпін сөздердің әр буынына –
алғашқы, ортадағы, соңғы буынына да-түсе береді. Екпін арнаулы бір буынға
байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе
беретін болса, ондай екпін
жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы
екпін.
Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көюінесе арнаулы бір
буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға
теленіп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады.
Н.А Баскаков пен А.Н Кононовтың пікірінше, түркі тілдерінде (қарақалпақ,
өзбек тілдерінде) түбір сөздердің мынадай түрлеріне
екпін бірінші буынға
түседі.
1 Атап-атап санаумен байланысты айрықша интонациямен айтылған
есептік сан есімдерде( екі, алты, жеті, алпыс) егер есептік сан есімдер атап -атап
санаумен байланыспай,
айрықша интонациясыз айтылса, жеке қолданылғанда
да, басқа сөздермен тіркесіп айтылғанда да,
әдеттегідей, екпін соңғы буынға
түседі.
2 Логикалық жақтан айрыша интонациямен айтылатын сұрау есімдіктері
(қандай? қайдан? қашан? т.б.).
3 Бұйыру интонациясымен айтылатын етістіктің ІІ жақ түрінде (тыңда,
ойла, сөйле т.б.)
4 Айрықша
интонациямен
айтылатын
қаратпа
сөздердің
кейбір
түрлеріне(Жаным, сәулем т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: