Бағана Айгүл тәтем үйге әкеліп тастаған. Құда-құдағилар дән риза болып
кетсе болды ғой.
12-жаттығу. Араб- парсы тілдерінен ауысқан төмендегі сөз варианттарын
естеріңізде сақтаңыздар. Олармен сөйлем құрастырыңыздар.
30
Есеп—қисап, пұл-бұл, хайуан-айуан, кінә-күнә, абырой-әбүйір, ғазиз-әзиз,
әл-хал, мағлұм-мәлім.
13-жаттығу. Өлең үзіндісінде кездесетін сөз варианттарын табыңыздар.
Көптің бәрі осындай, мисал етсең,
Көп айтты деп алданып, уағда күтсең.
Ғапіл боп нәрседен бос қаласың,
Аудамай көп сөзімен жүріп кетсең.
5- тақырып. Сөздердің мағыналары мен қолданылу тәсілдері
Жоспары:
1 Сөздердің лексикалық мағыналарының түрлері.
2 Сөз мағыналарының өзгеру себептері мен ауыспалы мағынада
қолданылу тәсілдері.
3 Синонимдер.
4 Омонимдер.
5 Антонимдер.
6 Табу және эфемизмдер.
7 Терминология. Термин сөздер.
Мазмұны: Сөз өзімізді қоршаған кең дүиедегі зат пен құбылыстың атауы
болғандықтан, оларға тән телінді дербес өзіндік мағынасы болады. Бұл мағына
зат пен құбылысты тікелей байланыстырғанымен, сол ұғымды білдіретін
баршаға танымал ортақ белгі (таңба) ретінде жұмсалады. Сондықтан да сөз
қандай күрделі болса, оның мағынасы да сондай күрделі деп есептеледі.
Осыдан келіп сөзге анықтама берудің қиындығы келіп туады.
Сөздердің типтері мен варианттары. Тілдегі сөздер білдіретін
мағынасы мен сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай әлденеше топқа сала-сала
болып бөлінеді. Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық белгілеріне қарай
атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер болып ең алдымен үш топқа
бөлінсе, бұл топтың әрбіреуі іштей лексикалық-грамматикалық белгілеріне
қарай тағы да жіктеледі. Мәселен, атауыш сөздердің өздері өзара есімдер және
етістіктер болып бөлінсе, есімдердің өзі атауыш есімдер және үстеуші есімдер
боп екі салаға ажыратылады. Ал атауыш есімдер зат есім, сын есім, есімдік
болып ажыратылса, үстеуші сөздердің өзі іштей үстеу сөздер дәне еліктеуіш
сөздер болып сараланады.
Атауыш сөздерге қарама-қарсы сөздер тобы – көмекші сөздер. Көмекші
сөздер тобына әр түрлі тілдердегі жалғаулықтар, демеуліктер, септеулік
шылаулар, көмекші етістіктер енеді. Көмекші сөздердің кейбіреулері сөз бен
сөзді немесе сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, қайсыбіреулері тіркескен
сөзіне әр түрлі грамматикалық мағына үстейді. Демек, олардың лексикалық
жағынан гөрі грамматикалық жағы басымырақ болады. Олардың бірсыпырасы
логикалық ұғымды білдіре алмайды.
31
Сөздердің осы екі түрінің аралығынан орын алатын сөздер тобы мыналар:
есімдік, сан есім және одағай сөздер.
Сөздердің жоғарыда аталған типтерімен бірге фонетикалық варианттары
және морфологиялық варианттары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |