15
Құм ү...тінде ине ...абақтама,
Тү...іп кет...е табылма...
Қонған үйді бір күнде адақтама,
Қоналқы ертеңге табылма.
2. Дауыссыз дыбыстар жайында не білесіздер? Олар қалай бөлінеді? Толық
талдау жасаңыз.
3. «Бай» сөзіне талдау жасап, антонимін атаңыздар.
5-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп, сөздердегі қатаң дауыссыздарды
сызыңыз.
ЕСЕНКЕЛДІ БИ
Есенкелді Құдайназарұлы (18 ғ.) Жоңғар
шапқыншылығы кезінде ғұмыр
кешкен қазақтың белді билерінің бірі. Қазақ шежіресінде Есенкелді бидің арғы
тегі Бәйдібек бабаның үшінші зайыбы Домалақ анадан тарайды. Сол Домалақ
анадан Жарықшақ деген ұл, Күбибі және сыбан деген қыздар туады.
Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат тайпалары тарайтыны белгілі.
Дулаттың
Ботбайынан Құдайқұл, Шағай, Итемген, Меңіс, меңістен Тәңірберді, Тілеберді,
Тіңірбердіден Есенкелді бидің әкесі Құдайназар туыпты. Қызай, Меңіс,
Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін
қорғап өткен батырлар екен.
Солардың ішінде әсіресе, Қызай қызбен
Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін
айтылып келеді. Қызай
аспанға лақтырған тақияны, көз ұшында ұшып бара
жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай
шапқыншылардың құз басына бекінген он бес мергенін атып түсіріп,
өздеріне
жол ашады. Аякөз, МАтай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал-
жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де
ерлікпен мерт болады. Кейін ел-жұрты сол тауды «Қызай тауы» деп атап кетеді
(Қазақтың би-шешендері).
2. Билердің сөзінен ұ,к, ғ, г дауыссыз дыбыстары бар он сөз жазып, сол сөздерді
қатыстырып ауызша 10 сөйлем айтыңыздар да, олардың емлесін еске
сақтаңыздар.
3. «Мерген» сөзіне талдау жасап, синонимін атаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: