Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет5/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Бақылау сұрақтары: 
1 Сөйлеу аппараты және оның қызметі қандай? 
2 Фонетика және оның салаларын ата. 
3 Тіл дыбыстарының акустикасы дегеніміз не? 
4 Тіл дыбыстарының артикуляциясы деген не? 
 
1-жаттығу. 1. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді оқып шығып, 
көшіріп жазыңдар. Әр сөзде неше дыбыс бар екенін айтыңыздар. 
Жанқұтты шешен 
 
Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда оған Абай келіп 
сәлем береді. Ол кезде Абайдың жас, үйленбеген шағы екен. Абайдың 
тапқырлығын, өлең шығаратындығын естіп жүрген шешен баланы қасына 
отырғызып, оған бірнеше сұрақ қояды: 
- Шырағым, дүние неге сүйенеді? 
Абай:
- Дүние үмітке сүйенеді. 
Жанқұтты: 
- Көздің көрмесі бола ма?
Абай:
- Көз қабағын көрмейді. 



Жанқұтты: 
- Шам жарығының түспесі бола ма?
Абай:
- Шам жарығы түбіне түспейді. 
Жанқұтты: 
- Болат пышақтың кеспесі бола ма?
Абай:
- Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді. 
Жанқұтты: 
- Тамағына тартпайтын махлұқат бола ма?
Абай:
- Өз тамағына тартпайтын махлұқат болмайды («Қазақтың би-
шешендері»). 
2. Қарамен жазылған сөздерде неше әріп бар екенін айтыңыздар. 
3. Әріп пен дыбыстың айырмасы қандай екенін түсіндіріңіздер. 
2- жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына әріптердің тиістісін қойып, өлеңді 
көшіріп жазыңыздар. 
Ашу...ңа сүйенсең, 
Адасуд...ң белгісі. 
Аңғал бол...аң әр іске, 
Алжасу...ң белгісі. 
Екі адам...а жалта...дау, 
Ерінш...ктің белгісі. 
Есел..п шашу ша...қаны. 
Кө...ілшектің белгісі. 
Артық ішу тамақ...ы. 
Ақылс...здан шық...ан іс. 
Ақшас...з берсе аңғар...п, 
Қарыны...а өлшеп іш! 
Аш...лып кетсе араның, 
Аур...дың түбі ас болар. 
Ақылы ж...тпей кейб...реу, 
Ақ...лдыға қас болар («Қазақтың би-шешендері»). 
2. Тіл дыбыстары қалай жасалады? 
3. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет