Қазақ тілі (фонетика, лексика)


 – тақырып.  Тіл дыбыстары



Pdf көрінісі
бет8/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
2 – тақырып.  Тіл дыбыстары  
 
 
Жоспары: 
 
1 Тіл дыбыстарының классификациясының принциптері. 
2 Дауысты дыбыстардың классификациясы. 
3 Дауыссыз дыбыстардың классификациясы. 
4 Дифтонгтар мен дифтонгоидтар. 
5 Фонема және фонемалардың жүйесі. 
6 Транскрипция. Транскрипцияның түрлері. 
 
 
Түркі тілдері тобына жататын қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жөніндегі 
алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского 


10 
языка» атты еңбегінде келтіріледі. Бұл еңбегінде Ильминский қазақ тіліндегі 
дыбыстарды 2 топқа бөліп, 8 дауысты, 19 дауыссыз дыбыс бар деп көрсетеді. 
Бұдан кейін жалпы түркі тілдерін, соның ішінде қазақ тілі фонетикасы 
мәселелерін зерттеуде В.В.Радлов, М.П.Мелиоранский, В.Катаринский, 
И.Лаптев, М,Сазанов, Г.В.Архангельский, т.б. шетелдік ғалымдардың еңбектері 
елеулі. 
Бұлардың ішінде, әсіресе Радловтың еңбегін ерекше атап өткен дұрыс. Ол 
бірінші болып түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын жазып, соның 
ішінде қазақ тілі фонетикасына да біршама сипаттама берген. Радловтың 
«Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегінде қазақ фонетикасының 
дыбыстық құрамы, дыбыстардың сөзде қолданылу ерекшеліктері, тіркесу 
заңдылықтары, сингормонизм құбылысы, екпін категориясы сияқты т.б. 
маңызды мәліметтер қарастырылады. 
М.П.Мелиоранский екі бөлімнен тұратын қазақ тілінің грамматикасын 
жазып, оның алғашқы бөлімінде фонетика мәселелерін сөз етеді. Атап 
айтқанда, дыбыстардың артикуляциясы, үндестік заңы, екпін, т.б. Сонымен 
қатар дауысты дыбыстардың протеза, редукция сияқты құбылыстары да 
зерттеледі. Дыбыстардың құрамына тоқтала келе, ғалым қазақ вокализмі – 9, 
консонантизмі – 21 дыбыстан тұрады деп көрсетеді.
Жалпы қазақ тілінің фонетикасы жөніндегі алғашқы зерттеулердің 
маңызына тоқтала келіп, олардың кемшіліктерін де атап өткен дұрыс. Бұл 
кемшіліктерді атағанда, алдымен, қазақ тілі дыбыстары құрамының белгілі бір 
жүйеге келтіріліп жан-жақты талданбағандығын, оның зерттеу әдістерінің 
нақтыланбағандығын айтуға болады. Осы аталған және басқа да олқылықтар 
қазақ 
лингвистикасы 
қалыптасып, 
оның 
грамматика, 
лексикалогия, 
диалектология, стилистика сияқты салаларымен қатар фонетика саласы да 
дүниеге келіп қазақ тілін жеке білім саласы ретінде зерттейтін тіл білімі 
институты ұйымдастырылып, арнаулы мамандар даярлана бастағанда жойыла 
бастады. Фонетика-фонология эксперименті фонетика, салыстырмалы 
фонетика, тарихи фонетика болып бірнеше салаға бөлінеді. Осы аталған игі 
істердің барлығы – ХХ ғасыр жемісі. 
Қазақ фонетикасын жүйеге келтіріп, зерттеу жөнінде әңгімелегенде, 
Отандық тіл білімінің негізін қалаушылар: Ахмет Байтұрсынов пен 
Құдайберген Жұбанов туралы айтпай кету мүмкін емес. А.Байтұрсынов ұлттық 
графиканың, көптеген оқулықтардың авторы екендігі мәлім. Ол сондай-ақ қазақ 
тілінің дыбыстық жүйесін де белсене зерттеген. 
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, оны таңбалайтын әріптер туралы пікірін 
ғалым 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде 
үнемі білдіріп отырған. Ғалымның осы аталған баспасөз беттеріндегі жарық 
көрген мақалаларынан дыбыс, әріп, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, дәйекші 
дыбыс т.б. фонетикалық терминдерді тұңғыш ұшыратамыз. 
Қазақ тілі фонетикасын зерттеуде тағы бір ірі тұлға атақты ғалым 
Қ.Жұбановтың еңбегі ерекше. Ол тіл дыбыстарының фонологиясы, 
дыбыстардың өзгеруі, үндестік заңы, буын құрылысы, т.б. фонетиканың өзекті 


11 
мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізді. Ғалым қазақ дабыстарының 
артикуляциялық кестесін, жасады.
Сондай-ақ қазақ фонетикасының дамуын біз Қазақстан Ұлттық ғылым 
академиясының акдемигі Ісмет Кеңесбаевтың атымен де байланыстырамыз. 
Ғалым қазақ фонетикасын зерттеумен 1938 жылдан айналысып, ғылыми 
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Өз еңбектерінде Кеңесбаев фонемалар құрамы, 
дыбыс үндестігі, буын құрылысы, т.б. мәселелерге жан-жақты тоқталып, 
сипаттама 
берді. 
Бүгінгі 
таңда 
қолданылып 
жүрген 
бірден-бір 
оқулықтарымыздың фонетикалық тарауын жазған Кеңесбаев болып табылады. 
Тілдің фонетика саласының міндеттері – қазақ тіл дыбыстарының 
жіктелуі. Тіл дыбыстары белгілі бір дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, 
табиғаттағы басқа да дыбыстардан төмендегідей ерекшеліктері арқылы 
ажыратылады. 
Тілдік дыбыстар сандық жағынан шектеулі және белгілі бір ұғымды 
білдіретін сөздің құрамындағы ең кіші тілдік тұлға. Сонымен, фонетика – 
белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін, жасалуын, ерекшеліктерін, түрлі 
заңдылықтарын зерттейтін сала. Фонетиканың теориялық та, практикалық та 
маңызы ерекше. 
Фонетиканың теориялық маңызы: тілдің тарихын, этимологиясын, 
тілдердің туыстығын ажырату мәселелері; 
1 Фонетиканың практикалық маңызы: ана тілі дыбыстарын дұрыс айта білу, 
шетел тілін игеру, алфавит жасау, орфоэпия, орфография заңдарын 
қалыптастыру үшін; 
Фонетиканың негізгі 3 ерекшеліктері бар деп есептеледі: 
2 Акустикалық немесе физикалық; 
3 Физиологиялық немесе анатомиялық; 
4 Қоғамдық, әлеуметтік ерекшеліктер. 
Фонетиканы зерттеу әдістері 4 типке бөлінеді: 
1 Статистикалық немесе сипаттама фонетика. 
2 Тарихи фонетика. 
3 Жалпы фонетика. 
4 Эксперименталды фонетика. 
1-сі белгілі бір тілдің тіл дыбыстары жүйесінің қазіргі кездегі сипатын 
береді. 
2-сі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дыбыстық ерекшеліктерін, 
заңдылықтарын тарихи процесс (үредіс) ретінде қарастырады. 
3-сі әр түрлі тілдердің ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктеріне 
тоқталады.
4-сі 
дыбыстарды техникалық құралдар арқылы физиологиялық, 
анатомиялық, акустикалық және әлеуметтік қызметі тұрғысынан зерттейді. 
Тіл дыбыстарын дауысты және дауыссыз дыбыс деп бөлу ұзақ тарихы бар 
процесс. Бұлай деп бөлу белгілі бір дәрежеде шартты құбылыс, себебі 
дыбыстарды екі топқа жіктеуге негіз болатын белгілер әлі де толық 
айқындалмаған, яғни жалпыға ортақ белгілі бір теория жоқ. Әдетте, мұндай 
ортақ белгі ретінде дыбыстардың буын құрай алу не алмау қабілеті алынады. 


12 
Бірақ бұл фактор жеткіліксіз, себебі жекелеген тілдерде дауыссыз 
дыбыстардың да буын құрау фактілері кездеседі (чех, неміс тілдерінің кейбір 
диалектілері). Негізінен алғанда, қазіргі практикада дыбыстарды жіктеуге 
олардың акустикалық және физиологиялық ерекшеліктері басшылыққа 
алынады. 
Дауысты дыбыстар айтылған кезде ауа кедергіге ұшырамай еркін 
шығады, дыбыстау мүшелеріне күш түспейді, созып айтуға келеді. 
Ал дауыссыз дабыстар айтылғанда, ауа кедергіге ұшырайды, мүшелеріне 
күш түседі, созып айтуға келмейді. 
Қазіргі қазақ тілінде 38 дыбыс бар деп есептелініп, олар екі топқа 
бөлінеді. Дауысты дыбыстар саны 13 деп көрсетіліп жүр (а, ә, о, ө, е, и, ы, і, ұ, 
ү, э, (у), я. Дауыссыз дабыстар саны 25. 
Тіл дыбыстарын дауысты және дауыссыз деп екі топқа жіктеуде 
басшылыққа алынатын пікірлердің бірі атақты Бодуэн де Куртэне берген 
анықтама: «Дауысты дыбыстарды айтар кезде, ауа кедергіге ұшырамай еркін 
шығуымен қатар қысым дыбыстау аппаратына тегіс жайылады. Ал дауыссыз 
дыбыстарды айтар кезде осы процесс керісінше өтеді». 
Қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстарды классификациялауда тілші-
ғалымдардың арасында әр түрлі жекелеген пікірлер де жоқ емес. Бұлардың 
бірқатары дауысты және дауыссыз дыбыстардың сандық көрсеткішіне де 
қатысты. Бірақ осы пікірлерді белгілі бір жүйеге келтіре отырып, қазіргі кезде 
дауыстылардың саны – 12, дауыссыздардың саны 25 деп қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет