Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет9/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
Бақылау сұрақтары: 
 
1 Тіл дыбыстарының классификациясының принциптері қандай? 
2 Дауысты дыбыстардың классификациясын көрсетіңіз. 
3 Дауыссыз дыбыстардың классификациясына тоқталыңыз. 
1-жаттығу. 1. Төмендегі сөйлемдерден жуан дауысты дыбыстарды 
тауып, астын сызыңыздар. 
Әйтеке Бәйбекұлы (1683-1722 жж.) Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты 
шешен биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын одан 
Сарыбас, Пұсырман, Шіңгір, Төртқара шығады. Төртқарадан Қарашы одан 
Сейтқұл. Сейітқұлдан сегіз бала болған. Соның бірі кезінде Самарқанды 
билеген Жалаңтөс батыр еді. Әйтеке сол Жалаңтөстің немересі, Ақшаның 
үшінші баласы Бәйбектен туған. Ақша Жалаңтөс батырдың әкесі бір, шешесі 
бөлек туысы екен. 
Әйтекенің шыққан тегі жөнінде тағы бір шежіре бар. Оны Қызылорда 
облыстық тарихи және мәдениет қоғамның төрағасы Шайхислам Серікбаев 
жазыпты: «Әлімнің алты баласының біреуі Қарамашақ. Одан Оразгелді, Ораз, 
Жаншұқыр, Қараш деген төрт бала туады. Қараштан екі бала – Ақпан, Тоқпан. 
Тоқпаннан үш бала – Тоғамыс, Шобан, Сейітқұл. Сейітқұлдың бәйбішесінен – 
Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша, тағы бір әйелінен Жалаңтөс, Дүйсенбай, МАтай, 
Түрікмен, Қоян туады. Бұларды «сегіз Сейітқұл» дейді. Ақшадан алты бала – 
Шал, Бәйбек, Қонысбек, Жоламан, Бекпенбет, Бөкенші туады. Бәйбектен үш 


13 
бала – Кешубай, Қашқын, Әйтеке тарайды. Бұл шежірелер әлі де болса, 
салыстыра, анықтай түсуді керек етеді». 
2. Дауыстылар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 
3. Мәтіннен он сөз жазып, сол сөздердің қайсысында У әрпі дауысты 
дыбыстың, қайсысында дауыссыз дыбыстың таңбасы екенін ажыратып 
айтыңыздар. 
Әлім ауылының бір аяулы қариясының кенже баласы жауменен шайқас 
кезінде найзаға ілігіп мерт болады. Сонда көңіл айтуға батылы бармай тұрған 
көпшілікті Әйтеке би бастап барып, әлгі қарияға: 
Суалмайтын суат жоқ, 
Тартылмайтын бұлақ жоқ, 
Тамыры суда болса да, 
Уақтысы жеткенде, 
Қуармайтын құрақ жоқ. 
Дүние деген фәни бұл, 
Панасы жоқ, тұрақ жоқ. 
Баласы жоқта мият жоқ. 
Бәрінен де сол қиын, 
Түнде жанған шырақ жоқ, 
Артта қалған тұяқ жоқ, 
Шүкіршілік етіңіз, - 
дегенде, ол кісі: «Әйтекембісің»- деп басын көтеріпті деседі ел (Әйтеке би). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет