Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет25/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Сөз мағыналарының өзгеру себептері мен ауыспалы мағынада
қолданылу тәсілдері қандай? 
2 Синонимдер деген не? 
3 Омонимдер деген не? 
 
1-жаттығу. 1. Сөйлемдегі сөздердің тура және ауыспалы мағынада 
қолданылғанын ажыратыңыздар. 
1. Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі 
танырлық қана таза оқытса болады. 2. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген 


34 
надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырыннан бір 
қаққанға сатады. 3. Ол үшін кітап сөзіменен іздеген талап болса, әуелі көкіректі 
тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді. 4. Қазақтың бетіне қарап, 
содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі дым тазалаймын деме, 
оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды 
болмайды дейді. 5. Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды-дағы, 
«мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің 
біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың бетінен оқып, іздеген талап емес. 6. 
Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына кәдір іздеп, сол талапта болады. 
7. Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. 8. Көкірек 
толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я 
көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. 9. Өзің тірі болсаң да, 
көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. 10. Көкіректе сәуле жоқ, 
көңілде сенім жоқ. 11. Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. 
«Абайдың қара сөздері». Алматы. 1993. 
2. Сөздер қандай жағдайда ауыспалы мағынаға ие болады? 
3. Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады – деген мақалдың мағынасын түсіндіріңіздер.
 
2-жаттығу. 1. Мәтіндегі сөздердің мағыналарын түсіндірме сөздік 
бойынша анықтаңыздар. 
1. Баланың қаз тұрып тез жүруі денсаулығына байланысты. Ал баланың 
денсаулығына ана сүті арқылы оның бойына баратын баратын тағамдағы 
витаминдер ерекше әсер етеді. 2. Сондықтан жас босанған аналар әр түрлі 
тағамдар жеуі керек. 3. Сәукеле – қызды ұзатқандағы киетін бас киім. 4. 
Сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі, оның маңдайшасына, екі 
жағына тізілген маржаннан салпыншақ бет жақтауы және арт құлағы болады. 
5. Киімдер негізінде сәнді және жай күнделікті киетін киімдерге бөлінген. 6. 
Күйек қазан айының аяғында – қарашаның бас кезінде ғана алынады. 7. Ат 
құлағында ойнап өскен қазақ балаларына бұл қызықты жұмыс болып 
есептелетін. 8. Қымыз деген ас-қазақтың әлем өркениетіне қосқан үлесі десек, 
қате болмайды. 9. Бәйге – қазақтың ұлттық ойыны, ат жарысы. 10. Көшпелі 
қазақтың жас нәрестелері көп шетінейтін-ді, әйтсе де ересек қазақтардың 
денсаулығы мықты болып, олар ұзақ жасайтын. 11. Түйенің жабдығы 
жылқыныкінен мүлде өзге салт мінез үшін емес, жүк арту үшін ыңғайланған. 
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері». Алматы. 1994. 
 
2. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары дегенді қалай түсінесіз? 
3. Жас – деген сөздің антонимін тауып, оған сөйлем құраңыз.
3-жаттығу. 1. Мәтіндегі сөздердің лексикалық және грамматикалық 
мағынасын ажыратыңыз да, олардың айырмасын түсіндіріңіз. 


35 
1. Адам баласына адам баласының бірі – дос. 2. Не үшін десең, дүниеде 
жүргенде – туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, 
шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, 
шіруің, махшарда сұралуың бәрі бірдей, екі дүниенің жақсылығына рахатың 
бәрі бірдей екен. 3. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? 4. Біріңе-бірің қонақ 
екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік 
қылып, я көрсе қызарлық көз алартыспақ лайық па? 5. Тілеуді құдайдан 
тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер 
демек ол құдайға айтарлық сөз бе? 6. Құдай біреу үшін біреуге жәбір қалауына 
лайығы бар ма? 7. Екі сөздің басын қосарлық не ақылы не ғылымы жоқ, тура, 
өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? 
8. Оның несі адам? 9. Жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның 
алдында жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. 10. Кірерге 
жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. 
Абай «Қара сөз». 
 
2. Лексикалық мағына деген не? 
3. Өте ертеде бір қадірлі шешен қария келте дүниеден көз жұмарында қасына 
ұлын шақырыпты, - деген сөйлемдегі «көз жұмарында» деген сөздің мағынасын 
түсіндір. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет