Қазақ тілі және қазақ әдебиеті факультетінің



бет2/2
Дата13.05.2023
өлшемі17,23 Kb.
#92884
1   2
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, білім беру деңгейі) аяқталғанда мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға оқушының ілгерілеуі туралы ақпаратты ұсыну үшін өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі, жоғарғы) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр оқушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады.Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша оқушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне және ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістерін, тапсырмаларын мұғалімдер өз бетінше анықтайды, құрастырады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау критериалды бағалау ережесіне сәйкес өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:

  • Жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;

  • Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;

  • Тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Басқарма шешімінің 2020 жылдың
27 тамызында бекітілген (№ 39 хаттама)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет