Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы


Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың елжандылық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар



бет7/8
Дата18.05.2022
өлшемі291,5 Kb.
#34932
1   2   3   4   5   6   7   8
2.2. Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың елжандылық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар

Тақырыбы: «Сүйемін, өскен Отаным»


Мақсаты: Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту; Отанын сүюге, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.


Тапсырма: Ақын М.Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар? Ұқсас жолдарды көшіріп жаз.
Мақсаты: оқушылардың өлеңдерді салыстыру кезінде еске сақтау қабілеттерін жақсартып, өлеңді жаттау дағдыларын арттыру. Шығармашылық ойлауларын арттыру, қиялдарын дамыту. Өлеңді ұйқасу үлгілеріне қарап ажыратуға үйрету.
Барысы: екі ақынның өлеңдерін салыстырып отырып дәптерлеріне өздік жұмыс ретінде орындайды. Екі өлеңдегі төрт тармақты екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін төмендегі сызбаға қарап салыстыр. Не байқағандарын айтып ой алмасады.
Қ. Аманжолов
Мен өзіңдей байтақ едім, кең едім.
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барымды саған беремін

М.Мақатаев


Сүйемін, өскен Отаным,
Жылысып өткен жылыңды
Қарыздармын сондықтан,
Беремін талай жырымды.

Қасым Аманжолов. «Туған жер»

Мұқағали Мақатаев. «Сүйемін, өскен Отаным»

... ...
... ...
... ...
... ...

... ...
... ...
... ...
... ...

Тақырыбы: «Жарық түнде жайлауда»
Мақсаты: Оқушыны Әбділда Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын, іздену қабілетін дамыту.
Тапсырма: Өлеңнің соңғы шумағындағы сөздерді пайдаланып, сөзжұмбақты шеш.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлауларын дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау қабілеттерін жақсартып байланыстырып сөйлеулерін арттыру. Сөзжұмақты шешу ойлау қабілеттерін жақсартып шапшаңдыққа, тез ойланып шешуін айтуға үйретеді.
Барысы: өлең шумақтарына қарап сөзжұмбақты шешеді. Шешуін тапқан оқушы тақтаға келіп жазады. Бұл тапсырма оқушылардың шапшаңдығын тексереді.
(1).... түнде, жазық дала, жайлауда,
Жалықпаймыз атқанша (2)... сайрауға.
(3)..., (5).... астында (4)......тербеліп,
Үйренгенбіз толқынды жыр (6) .......ға.



1.



















2.
3.
4.

















































5.


































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет