2. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік тәрбие берудің әдіс-тәсілдері мен жолдары
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына әдебиеттік оқу сабағында отансүйгіштік, елжандылық тәрбие берудің зерттеу деңгейі
Бүгінде «Мен патриотпын» деген замандастарымыздың бойынан нағыз ұлтжандылық сезімнен гөрі, мендік патриотизм өріс алғанын байқаймыз. Яғни, олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады. Сондықтан әр адамның бойынан өзімшілдік, менмендік, тек өз пайдасын көздейтін пиғылдан арылту үшін, ұлтжандылық тәрбиесіне баулу керек. Ол ата-бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен, батырлар жырынан мысал келтіре отырып, солардан үлгі алу, өздерін солардың ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып, еліктету арқылы іске асыруға болады. Сондықтан әр адамның бойына Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата-салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.
Соған байланысты мен өзімнің зерттеу жұмысымда бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу деген .
Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілген тәжірибелік–эксперименттік жұмыстар Орал қаласының №45 ЖОББМ-нің 4 «А» және 4 «Б» сыныптарында жүргізіліп, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарымызға 26 бала қатысты. Оның ішіндегі 13 бала 4 «А»сыныбында, ал 13 бала 4 «Б» сыныбынан. Жүргізілген тәжірибелік–эксперимент жұмыстарымыздың мақсаты: қазіргі кездегі бастауыш сынып жасындағы оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырып, танымдық белсенділіктерінің дамыту үлгісін жасап, оны оқу үрдісіне пайдалану, ұлтжанды жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәжірибелік–эксперименттік жұмыстың міндеттері:
бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу сабағында әртүрлі тапсырмалар беріп оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отанды сүюге, әрқашан қастерлеп көз қарашығындай асырауға осы әдебиеттік оқу сабағы арқылы тәрбие беру.
Зерттеу жұмысымның тақырыбына байланысты үш кезеңге бөліп қарастырдым.
I. Кезең – анықтау;
II. Кезең – қалыптастыру;
III. Кезең – қорытынды.
Тәжірибелік – эксперименттік жұмысымның анықтаушы эксперимент кезеңінде эсперимент және бақылау топтары алынды. Бақылаушы топ ретінде 4 «Б» сынып оқушыларының 13 баласы, ал эсперименттік топқа 4 «А» сынып оқушыларының 13 баласы алынды. Бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін анықтауға арналған әдістемелік диагностикалар, әдебиеттік оқу сабағы бойынша тапсырмалар беріліп, балалардың танымдық белсенділігі анықталды.
Сонымен қатар анықтаушы кезеңде бастауыш сыныптағы бағдарламалармен, оқу жоспарымен, балалардың әдебиеттік оқу сабағында танымдық белсенділігімен танысып, бастауыш сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, олардың әдебиеттік оқу сабағында отансүйгіштікке тәрбиелеуде тәрбиенің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне деген белсенділігін бақылап, тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін жүргізу әдістемелерімен таныстым. Бастапқы кезде бақылау және эксперименталды топтарының сабақтарына қатысып, бақылау жүргіздім.
Бастауыш сынып оқушыларына әдебиеттік оқу сабағында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің білім деңгейін анықтау мақсатында бақылау және эксперименттік топтарына әдістер жүргізілді.
Бұл әдістер – бастауыш сынып оқушыларыны танымдық белсенділігінің даму деңгейін анықтау үшін арналған. Бұл әдістер ұпаймен бағаланады және нәтижелері анықталған.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. Бақылау әдісінде оқушылардың білім деңгейіне байланысты тәсілдерді қолдануға болады. Соның ішінде тест, ашық тест, шығарма, сауалнама, әңгіме, сөздік жұмыс және т.б тәсілдер. Осы тәсілдердің ішіндегі ашық тестті тапсырма ретінде оқушыларға беріп олардың отанға деген сүйіспеншіліктері мен білім деңгейлерін анықтадым.
Әдіс 1. «Сауаланама»
Нұсқау: Бұл әдісте бастауыш сынып оқушыларына сауалнама беріледі. Сауалнаманың сұрақтарына жауап беру арқылы оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін анықтауға болады. Бұл әдісте оқушылардың ойлау үрдістері мен отанға деген сезімдері, оқушылардың жан-дүниесі зерттеледі. Осы әдісті қолданып оқушыларды отанды сүюге, өз елінің патриоты болуға шақыру. Әрбір оқушының сауалнамалары жеке қарастырылып, жауаптарына байланысты ұпаймен бағаланады.
Сауалнама
1.Өзіңді патриотымын деп санайсынба?
1)Ия
2)Жоқ
3)Білмеймін
2.Қазақстан жерін қорғауға өз үлесіңді қосып жүрсінбе?
1)Ия
2)Жоқ
3)Білмеймін
3.Туған еліңді, жеріңді сүйіп өтесінбе?
1)Ия
2)Жоқ
3)Білмеймін
4. Патриоттық сезімді ояту үшін қандай іс-шаралар қолдану керек деп ойлайсың? Өз ойыңды жаз.
5. Бастауыш сынып оқулығын оқығанда қандай тақырыптар отансүйгіштікке баулуға шақырады? Өз ойыңды жаз.
6. Отанды сүю, отанды қастерлеу, отанды қадірлеу, отанды қорғау әрбір азаматтың борышы деп санайсыңба?
1)Ия
2)Жоқ
3)Білмеймін
7. Отан деген сөзді қалай түсінесің? Өз ойыңды жаз.
8. Өзіңнің Қазақстанға деген сезіміңді қалай жеткізесің? Өз ойыңды жаз.
9. Өз Отаныңды өркендету, дамыту, қорғау үшін не істер едің? Өз ойыңды жаз.
10. әдебиеттік оқу сабағында отан туралы қандай өлеңді жатқа білесің және бір шумағын жаз?
Бағалау критерийі:
10 ұпай-егер оқушы барлық сұрақтарға толық жауап беріп сөздерді дұрыс байланыстырып, өз ойын толық жеткізіп өз Отанының патриоты екенін дәлелдесе.
8-9 ұпай- оқушы барлық сұрақтарға жауап беріп, өз Отанының патриоты екенін дәлелдеп, бірақ сөйлемдерді дұрыс байланыстыра алмаса.
6-7 ұпай-оқушы сұрақтарға толық жауап берсе, өз Отанының патриоты болғанымен сөйлемдерде сөздерді дұрыс қолданып толық жеткізіп бере алмаса.
4-5 ұпай-оқушы сұрақтарға толық жауап бермей, өз Отанының патриоты болып, сөздерді сөйлемдерді дұрыс жаза алмай мазмұны жағынан дұрыс құрастырылмаса.
2-3 ұпай-оқушы сұрақтарға толық жауап бермей, өз Отанының патриоты деп өзін есептемей сөздерді, сөйлемдерді мүлдем байланыстыра алмаса.
Даму деңгейінің қорытындысы:
10 ұпай-жоғары
6-9 ұпай-орташа
2-5 ұпай –төмен
Кесте 1 «Сауалнама» әдісінің даму қортыныдысы
|
Бақылаушы топ
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
Эксперименттік топ
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
1
|
Азат Жаннұр
|
++
|
+
|
|
Айтқожинов Мәди
|
|
+
|
+
|
2
|
Даниал жандос
|
|
++
|
+
|
Ақылбек Әминә
|
+
|
+
|
|
3
|
Ғазиз Қазбек
|
+
|
+
|
|
Асқар Мирас
|
+
|
+
|
+
|
4
|
Раханов Бекзат
|
++
|
|
|
Ахметова Алсу
|
+
|
+
|
+
|
5
|
Каримова Нәзгүл
|
|
|
++
|
Бейсенов Жангельды
|
+
|
|
|
6
|
Ғазиз Азиза
|
+
|
+
|
|
Бигалинова Дана
|
++
|
|
|
7
|
Батыр Бекзат
|
+
|
|
++
|
Даненов Даниал
|
+
|
+
|
+
|
8
|
Макашев Өмір
|
|
++
|
|
Демисенова Дана
|
+
|
|
++
|
9
|
Сисенгалиева Мадина
|
++
|
|
+
|
Ембергенова Бағдат
|
+
|
+
|
|
10
|
Мукушева Руслана
|
+
|
++
|
|
Жанакаев Адай
|
|
+
|
|
11
|
Құсымбаев Алан
|
+
|
+
|
|
Жолбарыс Аружан
|
|
++
|
|
12
|
Салназарова Жанар
|
+
|
+
|
|
Жолдыбаева Диана
|
2
|
+
|
3
|
13
|
Қаныбек Нұрсұлтан
|
+
|
|
|
Жумагалиев Адлет
|
+
|
|
|
|
Барлығы
|
8
|
3
|
2
|
Барлығы
|
6
|
6
|
1
|
|
Барлығы %
|
61
|
24
|
15
|
Барлығы %
|
46
|
46
|
8
|
Қорытынды. «Сауалнама» әдіс. Бұл әдісте бақылаушы топ пен эксперимент топтарына бақылау жүргіздім. Бақылаушы топта 4 «Б» сыныбынан 13 оқушы және эксперимент топта 4 «А» сыныбынан 13 оқушы қатысты. Бұл әдісте үш деңгей болды: жоғары, орташа, төмен. Оқушылардың бұл тапсырманы орындағанда олардың жан-дүниесін, ішкі ойларын, отанға деген сүйіспеншіліктерін анықтау болды. Бақылау тобындағы жоғары деңгейде 8 оқушы 61%, орташа деңгейде 3 оқушы 24%, төменгі деңгейде 2 оқушы 15% көрсеткішті көрсетті. Ал, эксперимент тобында жоғары деңгейде 6 оқушы 46%, орташа деңгейде 6 оқушы 46%, төменгі деңгейде 1 оқушы 8% көрсеткішті көрсетті. Осы екі топты салыстыру арқылы айырмашылықтарын байқадым.
Әдіс 2. Ашық тест
Нұсқау: Бұл әдіс бойынша оқушыларға ашық тесттер беріледі (тапсырма-1). Тізбектің әрбір бөлшегінде тапсырмалар берілген. Берілген тапсырмалардың дұрыс жауаптарын өздері касындағы тізбекке жазады. Зерттеуді жүргізуші баланың тапсырманы орындауға жұмсалған уақытын қадағалап, белгілеп отырады. Тапсырманы орындау кезінде берілген дұрыс жауап ұпаймен саналады, соның нәтижесінде баланың қабылдауының даму деңгейі жайында қорытынды шығарылады. Бұл әдісті «Туған өлкем – тұғырым» деген бөлімдегі «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтініне жүргіздім.
Рәміздер туралы не білесін?
|
|
Рәміздердің авторлары кім?
|
|
«Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінінде не туралы айтылған?
|
|
Рәміздердің өзіндік ерекшеліктері туралы айтып бер.
|
|
Мәтіндегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп бер.
|
|
Бағалау критерийі:
10 ұпай-бала тапсырманың бесеуін дұрыс орындап шықты, осы уақыт ішінде берілген тапсырмаларды жазып үлгеріп болды.
8-9 ұпай-берілген тапсырманың төртеуін дұрыс орындап, қалғанын орындауға уақыт жетпей қалды.
6-7 ұпай-берілген тапсырманың үшеуін дұрыс орындап шықты, тапсырмаларды орындауда уақыт жетпей қалды.
4-5 ұпай-берілген тапсырманың екеуін дұрыс орындап шықты, тапсырмаларды орындау үшін уақыт қажет болды.
2-3 ұпай-берілген тапсырманың біреуін дұрыс орындап шықты, тапсырмаларды орындау үшін уақыт жетпей қалды.
Даму деңгейінің қорытындысы:
10 ұпай-жоғары
6-9 ұпай-орташа
2-5 ұпай –төмен
Кесте 2 «Ашық тест» әдісінің даму қорытындысы.
|
Бақылаушы топ
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
Эксперименттік топ
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
1
|
Азат Жаннұр
|
++
|
+
|
|
Айтқожинов Мәди
|
|
+
|
++
|
2
|
Даниал жандос
|
|
++
|
+
|
Ақылбек Әминә
|
+
|
+
|
|
3
|
Ғазиз Қазбек
|
|
++
|
|
Асқар Мирас
|
+
|
+
|
+
|
4
|
Раханов Бекзат
|
++
|
|
|
Ахметова Алсу
|
+
|
+
|
+
|
5
|
Каримова Нәзгүл
|
|
|
++
|
Бейсенов Жангельды
|
|
++
|
|
6
|
Ғазиз Азиза
|
+
|
+
|
|
Бигалинова Дана
|
++
|
|
|
7
|
Батыр Бекзат
|
+
|
|
++
|
Даненов Даниал
|
+
|
+
|
+
|
8
|
Макашев Өмір
|
|
++
|
|
Демисенова Дана
|
+
|
|
++
|
9
|
Сисенгалиева Мадина
|
++
|
|
+
|
Ембергенова Бағдат
|
|
++
|
|
10
|
Мукушева Руслана
|
+
|
++
|
|
Жанакаев Адай
|
|
+
|
+
|
11
|
Құсымбаев Алан
|
|
++
|
|
Жолбарыс Аружан
|
|
++
|
|
12
|
Салназарова Жанар
|
+
|
+
|
|
Жолдыбаева Диана
|
2
|
+
|
3
|
13
|
Қаныбек Нұрсұлтан
|
+
|
|
|
Жумагалиев Адлет
|
+
|
|
|
|
Барлығы
|
6
|
5
|
2
|
Барлығы
|
4
|
6
|
3
|
|
Барлығы %
|
46
|
39
|
15
|
Барлығы %
|
31
|
46
|
23
|
Қорытынды. «Ашық тест» тәсілі. Бұл әдісте бақылаушы топ пен эксперимент топтарына бақылау жүргіздім. Бақылаушы топта 4 «Б» сыныбынан 13 оқушы және эксперимент топта 4 «А» сыныбынан 13 оқушы қатысты. Бұл әдісте үш деңгей болды: жоғары, орташа, төмен. Оқушылардың деңгейін анықтау үшін «Ашық тест» тәсілін қолдандым. Бұл тәсілде бақылаушы топтағы оқушылардың жоғары деңгейді 6 оқушы 46%, орташа деңгейді 5 оқушы 39% ал төменгі деңгейде 2 оқушы 15% өз білімдерінің көрсеткішін көрсетті. Бұл оқушылардың отанға деген патриоттық сезімдерінің көрсеткіші жоғары болды. Ал, эксперимент тобында жоғары деңгейде 4 оқушы 31%, орташа деңгейде 6 оқушы 46%, ал төменгі деңгейде 3 оқушы 23% көрсетті. Эксперимент тобында бақылаушы топқа қарағанда айырмашылық болды.
Достарыңызбен бөлісу: |