Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы



бет3/8
Дата18.05.2022
өлшемі291,5 Kb.
#34932
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеу мақсаты: әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Елжандылық, отансүйгіштік, туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой – пікірлерді анықтау;
2. Отансүйгіштік, елжандылық тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;
3. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу;
4. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.
5. Оқушыларға елжандылық, отансүйгіштікке бағытталған тапсырмалар дайындау.
Зерттеу мәселесі. Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи – этникалық мұрасын, ұлтының әдет – ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көз қарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтаныш туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бастауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ. Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан – ашырлық танытуда отансүйгіштің рөлі ерекше. Сондықтан әдебиеттік оқу сабағы арқылы оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы тапсырмаларды жинақтаудың маңызы зор.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер әдебиеттік оқу пәнінде отаншылдық тәрбиенің бастауыш сынып кезеңіндегі мазмұны белгіленіп, оқушының отансүйгіштік, елжандылық сезімі қалыптастырылса Егеменді Қазақстан Республикасының өркендеуіне, оның құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, сүюге, қызмет көрсетуге және т.б. сияқты сезімдерінің арқасында өздерінің отансүйгіштік мүмкіндіктерін дамытуды меңгереді.
Зерттеу объектісі: әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырып, елін, жерін сүюге оны қорғауға шақыру.
Зерттеу пәні: оқушылардың отансүйгіштік сезімді жетілдірудің жолдарын педагогикалық үдерісті қалыптастыру.
Зерттеу әдістері: педогогикалық, психологиялық, этно – педагогикалық, тарихи – этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет