Байланысты: Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
1.2 Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және маңызы Бауыжан Момышұлы балаларға айтқан тілегінде: «Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болыңдар!» деген болатын. Сондықтан , өз Отанынымызды сүйіп, құрметтей, қорғай білейік![29; 108]
Білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш сынып оқушыларын айналадағы дүниемен белсенді әріптестік тәрбие түрлеріне бай сезім қарым-қатынас дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Басты назар аударатын мәселелердің бірі - отансүйгіштік. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспешілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім саясатының басым ұстанымы екендігін атап көрсетіп отыр. Отансүйгіштік тәрбиесі проблемасын зерттеумен біздің Қазақстандық бірқатар ғалымдар айналысады. [30; 46-48]
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан өмірде болып жатқан бетбұрыстар қоғамдағы саяси көзқарастар әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің тарихына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт- дәстүріне құрметпен қараумен қатар оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр. [31;28-36]
Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу пәні – маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың шығармашылығын дамытудың арнасы.
Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда әдебиетті оқу сабағында оқулық материалдарын пайдаланудың маңызы зор. Патриоттық тәрбие беру әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына байланысты бұл мәселені шешуде оқулықтарда берілген материалдардың мазмұнының мәні айрықша. Әдебиеттік оқу оқулығын саралау барысында патриоттық тәрбиеге қатысты көптеген материалдар Отанға, елге, жерге арналған. [32; 78-86]
Оқулықта берілген әрбір тараудан кейін тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Осының барлығы бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбиені қалыптастыратыны сөзсіз. Дегеменде, жеке тұлғаның бойында елжандылықты қалыптастыру бірнеше жағдайларға байланысты.
Бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар мазмұны оқушыларға патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік береді.
Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге көңіл аударылды:
-туған тіліне сүйіспеншілік – туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлей алу және жаза білу; ана тіліндегі шығармаларды еркін оқи білу – оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;
-туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғатын сүю, туған жерінің орман – көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп баптау;
-туған елге сүйіспеншілік - өз ұлтын сүю, Отанын сүю, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу – азаматтық аясы;
-отбасына сүйіспеншілік, ата-анасын, туыс –бауырын сыйлап, құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет қалыптастыру аясы;
-Қазақстанда мекен еткен халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру – ұлт өкілдеріне, түсініктікпен қарап, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу - қатынас мәдениетінің аясы. [33; 56-59]
Бастауыш сынып әдебиеттік оқу оқулығында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында көптеген тақырыптар бар. Соның ішінде бірінші сынып оқулығындағы тақырыптар:
«Туған тілім» 6-бет
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
(Дихан Әбілов)
Осы өлеңде бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке, өз тілін құрметтеуге, қастерлеуге,оны барлық тілдерден үстем қоюға, өз ана тілін сүюге ынталандырған. Автор өз ойын белгілі сөздермен жеткізуге тырысып ана тілімізді асқақтатып көрсеткен. Егер әр елдің өз тілдері болса сол сияқты біздіңде қазақ тілімізді жақсы меңгеріп, құрметтеу керек екенін айтқан. Автор өз өлеңінде «Туған тілім тіл болудан қалса егер», «Жүрегімді суырып-ақ алыңдар» деп айтқан сөзі қазақ тілін соншалықты қадірлейтінін, қастерлейтінін, егер туған тілім болмаса мен неге өмір сүремін деген өзін өлімненде қорықпайтынын айтқан. Сол сияқты қазіргі жас ұрпақтың бойына осындай қасиеттерді сіңдіріп тәрбиелеу керек сондықтан туған тіл туралы өлеңдерді бастауыш сыныпқа көптеп енгізген.
«Отан» 39-бет
Отан - атам,
Отан - әжем!
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны: «Атамекен?!»
(Әбдірашт Жарасқан)
Әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу керек, сонда келешек ұрпақ отанын сүйіп оны қорғай біледі. Осы өлеңде оқушыларды отанын сүюге, оны қастерлеуге, адалдыққа, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында әдебиеттік оқу кітабына енгізген. Автор өз ойын Отанды ата, әже, әке, анаға теңеп оқушыларды осы ұғымдар арқылы отанын сүюге шақырған.
«Туған өлкем» 41-бет
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
(Өтебай Тұрманжанов)
Қазақстан жерін сұлу, әсем екенін айтып, өлеңде оқушыларды отанын сүюге тәрбиелеген. Кең байтақ, сұлу, әсем жеріміздің көгінде күн, жерінде гүл жайқалып тұрғанын автор айтып өткен. Осы сұлу, әсем, көркем Қазақстанымызды жаудың қолына түсірмей қорғап қалу керектігін оқушылардың санасына сіңдіру мақсатын көздеген. Әрбір оқушы туған өлкесін сүйіп оны қастерлеп өтуін де үйрету керектігін білдірген.
«Жусанда туған жердің иісі бар» 47-бет
Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары ұстап, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін араб елінде өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты. Бір күні Бейбарыс сұлтан серуендеп жүріп, өсіп тұрған жусанға көзі түседі. Жұлып алып иіскейді. Жусанның жұпар иісі туған жерін есіне түсіріп, оған деген сағыныш жүрегін толқытады. Қазақта: «Жусанда туған жердің иісі бар» деген осыдан қалған.
(«Менің алғашқы энциклопедиям» кітабынан)
Оқушыларды туған жерге деген ұлы сезімдерін, өз еліне деген сағыныштарын осы мәтінде көрсетіп, түсіндірілген. Әрбір оқушы қай жақта жүрседе өз елін, жұртын ұмытпай есте сақтау керектігі айтылған. Сонда мәтінді оқып оқушылар өздеріне отанды сүйіп, оны қастерлеп, ұмытпау керек екенін ойларына түйеді.
«Қазақстан байрағы» 51-бет
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы.
Нұрын күндей төгіп тұр
Жылдарымыз жайдары.
(Мұзафар Әлімбаев)
Қазақстан туы көгілдір түсті, қыран бүркіт, қазақтың ұлттық оюы бейнеленеген осының бәрін оқушылар біліп үйренгені дұрыс. Осы мақсатта автор өлеңінде барлық мәлімметтер көрсетілген. Ал оны оқушылар осы өлеңнен оқып біледі. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үшін рәміздердің барлығын көрсетіп оны жете түсіндіру қажет.
«Біздің елтаңба» 54-бет
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
(Оразақын Асқар)
Әрбір оқушы өз елінің рәміздерін біліп жүруі керек. Елтаңба туралы білімдерін арттырып, елтаңбаның бөліктерін, қандай бейне бар екенін оның жай бейне емес екенін түсіндіріп көрсеткен. Бұл өлеңде автор елтаңбаныңәр бөлігін жекелеп көрсеткен. Осы арқылы оқушылар өз білімдерін арттырып, тәрбиеленеді.
«Мемлекеттік тіл» 55-56 бет
Егеменді елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақстан Республикасы конституциясының 7-бабында «Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп көрсетілген.
(«Менің алғашқы энциклопедиям» кітабынан)
Әрбір оқушы өзінің қазақ тілінде сөйлеп, осы тілді жете меңгеруі керек. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Әрбір елдің ең басты белгілерінің бірі ол тіл. Осыны оқушыларының санасына ұғындыру үшін бастауыш сыныпта оқып жатқан кезден бастап үйретеді. Осындай мәліметтер арқылы оқушыны өз тілін үйренуге, қадірлеуге, қастерлеуге, өз отанын сүюге үйретеді.
«Әнұран» 57-бет
Әні
Сөзбен толығып,
Маздар бойда мал үміт.
Намыс, жігер жұптасқан,
Ол – әнұран.
(Өтепберген Ақыпбекұлы)
Рәміздердің бірі ол әнұран. Әнұранды Қазақстанда тұрған барлық ұлт өкілдері жақсы біледі. Оны әріп танығанан бастап жаттатқызып, үйрету керек сонда оқушылар әрқашан өз әнұранымызды біліп жүреді. Автор әнұранды әні мен сөзі адамға рух беріп отырады деп айтқан. Әнұранды тыңдаған әрбір адам өзіне рух алып шабыттанады.
«Ағайынбыз бәріміз» 63-бет
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша – бау.
(Әнуарбек Дүйсенбаев)
Оқушылардың санасына отанды сүюге, мемлекетімізде тұрған әрбір ұлт өкілдерімен тату тәтті тұруға, отанды қадірлеуге сонымен бірге қастерлеуге үйрету үшін осындай өлеңдер оқып үйренгені жақсы. Оқушыларды барлығымыз бір Қазақстанда тұрғандықтан ағайын екенімізді оларды ажыратып бөлмей тату болып өмір сүруіміз керек деген сезім қалыптастыруымыз керек. Осы жолда автор өлеңіде көрсетіп жазылған.