Балаларда ғарыш жайлы, ғарышкерлер киімдерінің ерекшеліктері жайлы түсінік беру; сан қатары, тура және кері санау жайлы түсініктерін бекіту; адамның дене мүшелері мен бет әлпет бөліктері туралы білімдерін нақтылау; қазақ тілінде сөйлеуді мұқият тыңдауды үйрету; зат есімді сөздерге көптік, тәуелдік жалғауларды дұрыс қосып айтуды үйрету; сөз ішінде [Ғ] дыбысын дұрыс дыбыстауды жаттықтыру; ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "ғарышкер", "ғаламшар", "бет әлпет" "дұлыға" сөздерін еңгізу; 10 дейін тура және кері санау арқылы сөздік қорларын арттыру.
Ғарыш атмосферасын айқындайтын аудиотаспа дыбысы.
Демонстрациялық суреттер:
- ғаламшарлар әртүрлі орналасқан ғарыш суреті;
- күн жүйесінің ғаламшарлары бір қатарда орналасқан ғарыш суреті;
- 1-ден 10-ға дейін нөмірленген күн жүйесінің ғаламшарлары бір қатарда орналасқан ғарыш суреті;
Демонстрациялық суреттер: Алан, Вики және Дана ғарышта.
Орташа қарқындағы ырғақты әуен аудиотаспа.
Тынышталдыратын, ғарыш кеңістігін елестететін әуен аудиотаспасы.
Топтарға арналған екі нұсқадағы таратпалы фишкалар жиынтығы: қызыл, көк, сары, тоқсары жұлдыздар; Күн, Сатурн, Жер, Юпитер.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Сурет негізінде ғарыш туралы кіріспе әңгімелесу
Сызба мен өз денелерін сәйкестендіру негізінде сөздік жұмыс. "Бет бөліктері".
Суретті қарастыру негізінде сөздерге дұрыс жалғау қосуға сөзді-логикалық жаттығу. "Нелер көрінбейді?".
Сөздерді есту негізінде ым-ишара жаттығуы."Скафандрды киеміз".
Жиі қайталанатын сөздерді дыбыстау негізінде сөзді-ырғақты жаттығу. "Біз ғарышкерміз". (Т. Молдағалиев)
Тура және кері санау негізінде логикалық жүйелікті нақтылауға арналған сөздік жаттығу.
Есту зейінділігі мен босансуға арналған жаттығу.