Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі
|
Балалардың Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының ұлттық музыкалық аспаптары туралы түсініктерін қалыптастыру; қазақтың ұлттық аспаптары, музыкалық аспаптар шеберінің еңбегі жайлы білімдерін қалыптастыру. Қазақтың ұлттық аспаптары мен Қазақстанда тұратын өзге ұлт аспаптарының атауларын еске сақтауды үйрету; артикуляцияларын дамыту; есте сақтау мен ой-өрістерін дамыту.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "шебер", "шеберхана", "күй", "дутар", "қобыз", "балалайка", "сырнай" сөздерін еңгізу; "тынды-брынды", "тенди-ленди", "тинди-блинди", "тю-лю-лю", "ты-ды-дым" теңеулері арқылы сөйлеу тілдерін молайту.
Орташа қарқынды ырғақта домбырада шертілген күй әуенінің аудиотаспасы
Наурыз мерекесі тойланған демонстрациялық сурет.
Музыкалық аспап домбыра.
Демонстрациялық заттық суреттер: домбыра, сырнай, қобыз, дутар, балалайка.
Суретті қарастыру үшін көрсеткіш немесе "сиқырлы сақина".
Музыкалық аспаптарды дайындайтын шеберхананың демонстрациялық суреті
Баяу қарқынды, ырғақты әуеннің аудиотаспасы.
Құрманғазының "Адай" күйінің аудиотаспасы."
Музыкалық аспаптардың сұлбалары: дутар, домбыра, балалайка, қобыз, сырнай.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз. "Тарт күйіңді, домбыра!" (І. Жансүгіров)
Сурет бойынша мәнерлеп әңгімелеу. "Шеберхана мен музыкалық аспаптар".
Артикуляциялық жаттығу. "Музыкалық аспаптарда қалай ойнайды?".
Байланыстыра сөйлеуді дамытуға арналған сөздік жаттығу. "Ұлттық аспаптардың музыкалық оркестрі".
Есте сақтауға сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Жарқырап тұр күніміз...".
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі
|
"У" дыбысы мен әрпін таныстыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып кездесетіндігін түсіндіру, "У" дыбысының айтылуын дұрыс меңгерту, У дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын қалыптастыру, көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауына, өз сөйлеу тілін қадағалай білуге үйрету, балаларды халық мәдениетіне үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылық қабілетін дамыту, ою-өрнек түрлерімен таныстыру, ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып балалардың шеберлігін ұштау.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Ою-өрнек", “орнамент”, "өсімдік типтес ою", "зооморфтық ою-өрнек", "Өнер көзі – халықта" сөздерін пайдалану; мақал-мәтелдер арқылы балалардың тілдерін дамыту.
У дыбысының профилі, бейнелі суреттер, айна, үлестірмелі материалдар т.б. артикуляциялық жаттығулар, түрлі суреттер, тапсырмалар, әріптердің кесіндісі, айна, түрлі-түсті қағаздар, әліппе дәптер т.б. ұлттық ою-өрнектер, киіз үлгісі, ою-өрнектердің сызбасы, ұлтық аспаптар, түрлі-түсті қағаздар, ақ қағаз, қайшы, желім, қылқалам, түрлі-түсті картондар.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Шеңбер: Мына сұлу әлемде адам өмір сүреді!"
Саусақ жаттығуы: "Саусақтарым иіліп".
Дидактикалық ойын: «Кесенің оюын тап».
- Қане, балалар, сонымен бүгінгі оқу іс - әрекетінен нені үйрендік?
У дыбысының артикуляциясымен таныстыру.
"Cөз ойла тез ойла" ойыны.
"Буын жалғастыр" ойыны.
"Сыңарын тап" ойыны.
Жаңылтпаштар.
Тіл ұстарту жаттығулары.
Сергіту сәті: "Ою-өрнек".
Дыбыстық талдау: "Тау", "Уыс".
Сергіту сәті: «Нөсер».
Жазылым жаттығулары.
Есте сақтау жаттығуы: У дыбысы сөздің соңында тұрса - дауыссыз дыбыс, сөзді басында тұрса- жауысты болып саналады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |