Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет114/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі

"И" дыбысы мен әрпімен таныстыру. И дыбысын сөздің басында, ортасында кездесетінін ұғындыру, "И" дыбысының айтылуын дұрыс меңгерту, И дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын қалыптастыру, көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауына, өз сөйлеу тілін қадағалай білуге үйрету, балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Ғарышкерлер", "спан әлемі", "ғаламшар", "робот", "ине", "инелік" сөздерін пайдалану; жаңылтпаштар арқылы балалардың тілдерін дамыту.а
И дыбысының профилі, бейнелі суреттер, айна, үлестірмелі материалдар т.б. «И» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, түрлі суреттер, тапсырмалар, әріптердің кесіндісі, айна, түрлі-түсті қағаздар, әліппе дәптер т.б. қағаздан жасалған ракета, робот суреті, планеталар, күн, ай, жұлдыздар, ғарышкерлер суреті.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
«И» дыбысының артикуляциясы.
«Үйрек».
«Көңілсіз жылқы».
Жұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Жаңылтпаштар.
Тыныс алу жаттығулары.
Тіл ұстарту жаттығулары.

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі

Балалардың Отан, оның байлығы, елді-мекендері туралы түсініктерін кеңейту; А.С. Пушкиннің "Балықшы мен балық” туралы ертегісінің негізгі мазмұнымен таныстыру; адамның өз қалауын, еңбектің мағынасы туралы түсініктерін қалыптастыру; "Отан оттан да ыстық" мақалымен таныстыру; суреттерге сүйене отырып, диалогтарда қарапайым сөйлемдер құру арқылы Отан туралы ойды білдіруге үйрету; А.С. Пушкиннің "Балықшы мен балық" ертегісінің негізгі мазмұнын мұқият тыңдауға, оқиғалардың реттілігін есте сақтауға үйрету; жазба мен сөздік жұмыстар, тыңдалым дағдысын, қиялды дамыту; туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке, адамның еңбегіне, деген құрмет сезіміне тәрбиелеу."
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздік қорларын "иірілген жіп", "тор", "теңіз шөбі", "патшайым",
"теңіз ханымы", "шұңқыр", "саятшылық" сияқты сөздермен байыту.
Жұмбақ әуеннің аудио жазбасы.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, интерактивті тақта.
Пейзаждар мен елді мекендердің негізгі нысандары, Қазақстан байлығы бейнеленген суреттер: таулар, өзендер, шөлдер, ормандар, көлдер, теңіз, дала, қала, ауыл, бидай алқабы, мұнай, көмір, газ.
Иірілген жіп, тор,теңіз шөптері, шаруа әйел, асыл әйел, патшайым, теңіз ханымы, шұңқыр, жер, саятшылық, жерге тағзым.
"Балықшы мен балық" туралы ертегі тақырыбындағы демонстрациялық суреттер.
Ырғақты жаттығуға арналған әуен.
Қазақстан мен көршілес шекаралық елдер картасының үлгісі.
"Амандасайық" жаттығуы.
"Отан деген не?" ауызша жаттығу-диалог.
Көркем сөз. "Болса бір жан орындайтын арманды" атты өлеңді мінерлеп оқу.
"Балықшы мен балық " ертегісінің мәтіні бойынша сөздік жұмыс.
А.С. Пушкиннің "Балықшы мен балық" туралы ертегі желісімен мәнерлеп баяндау.
Артикуляциялық ырғақты жаттығу. "Алтын балықтан не сұрау керек?"
Суреттерге негізделген есте сақтау жаттығуы: "Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет