Байланысты: аза тілі мен дебиет п ндерінде о ушыларды функционалды сауа
Жеке тұлғаны анықтау атты ойынның да тиімді жағы көп. Жүргізуші (мұғалім) ғалымдардың немесе жазушылардың портреті жапсырылған беттерді таратады.Оқушылар портреттегі адамның фамилясын, өмірін, жаңалықтарын есімімен байланысты оқиғалар т.б еске түсіру керек.Талдау ұзақтығы 5 минут.
«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.
Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. ЖИГСО әдісін ауқымды тақырып өткен кезде қолданған дұрыс сияқты. Себебі мұнда әр топ мүшесі басқа топтың ішіне кірігіп, сол топтың ақпаратын тобына әкеледі. Осы кезде оқушыларда даму, ұйымшылдық қалыптасады. Сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша «миға шабуыл» стратегиясын қолданған өте тиімді. Бұл әдіс бойынша оқушыларда топпен жұмыс істеу арқылы, көшбасшылық пайда болады.Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: • қажетті ақпараттар жинауды; • дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды; • кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар; • ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды көздейді.
Төменде балаларға сынып тапсырмаларын ойдағыдай орындау үшін қажетті әрекеттер реті мен дағдылар келтірілген:
Көру немесе есту арқылы алынған ақпаратты өңдеу, сондай-ақ бастапқы дереккөздерді зерделеу кезінде алынған деректерді, жауап алу немесе сауалнама барысында жиналған деректерді немесе оқулықтар, энциклопедиялар немесе веб- сайттар сияқты екінші дереккөздерден жиналған ақпаратты өңдеу.
Зерттеу жүргізуге арналған дәлелдемелерді немесе зерттеу нәтижесінде алынған дәлелдердің негізін құрайтын дәлелдемелерді жүйелейтін түйінді мәселелер, болжамдар мен гипотезаларды түсіну.
Осы түйінді мәселелер мен қолда бар дәлелдемелердің бір-біріне сәйкес келуін және үндесуін талдау.
Жекелеген факторлар немесе түрлі дербес бағалар мен болжамдар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.
Дәлелдерді немесе бірқатар идеяларды дайындау үшін түрлі ақпарат көздерін жүйелеу. Сіздің идеяңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі дереккөздер арасында байланыс жүргізіңіз.
Сіздің зерттеуге қатысты дәлелдемелердің шынайылығы мен дәлелділігін және дәлелдемелер сіздің болжамдарыңызбен, туындаған идеяларыңызбен қаншалықты сәйкес келетінін бағалау.
Зерттеу негізінде жатқан сұрақтардың жауабына түсініктеме беру кезінде зерттеу барысында алған білімін қолдану.
Зерттеу қорытындылары мен нәтижелерін дәлелдеу және негіздеу.
Белсенді оқыту мен оқу әдістерін қолдану үдерісінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытқысы келетін мұғалімдер арасында оқу мақсаттарын жіктеудегі Блум таксономиясы ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. 1 Білу (есте сақтау және қалдыру) Кім, қашан, қайсысы, қайда, не екенін сипаттау, қайталау, тұжырымдау арқылы не білетіндімізді, нені есте сақтағамызды айту. 2 Түсіну (түсінік беру және түйсіну) Өзіңіздің бір нәрсеге қатысыңыз туралы сипаттау және баяндау, оның мәнін түсіндіру, салыстыру, арақатынасын белгілеу. 3 Қолдану (қатысу) Сіз мұны қалай пайдаланасыз, оны проблеманы шешу үшін пайдалану, көрсету. 4 Талдау (қатысу) Факторлардың, тәуекелдердің, проблемалардың, оны шешу жолдарының, күтілетін нәтижелер мен салдардың құрылымын, ретін, себебін анықтау. 5 Жинақтау (біріктіру) Бұдан әрі өзгерту, түрлендіру, жақсарту тәсілдерін анықтау. 6 Бағалау (пайымдама және бағалау)