3. Мұғалімнің үлгісі
“Дауыстап айтылатын ой” стратегиясы
Аталған стратегияны пайдалана отырып, мұғалім оның мәтінмен қалай жұмыс істейтінін (өзінің ойлау логикасын) көрсетеді. Мәтінді проектор арқылы шығарған кезде оқушыларға мәтінмен жұмыс істеу стратегиясын түсіндіру қажет. Өзіңіздің болжамды іс-әрекеттеріңізге түсініктеме бере отырып, дауыстап сұрақ қойыңыз: “Мен ең алдымен не істер едім? Мәтіннің не туралы екенін түсіну үшін мен суреттерге қарар едім. Мен қаланың орталығын, көп кісілерді көріп тұрмын. Мәтінде сандар, статистикалық мағлұматтар көп екен. Маған бұл мақала қаладағы өмір туралы сияқты екен”. Маңызды ақпаратты көрсету үшін маркер пайдаланыңыз.
Мұғалімдер берілген мәтіндерді бағыт-бағдар ретінде таратылған стратегиялармен байланыстыра отырып, талқылайды, постер қорғайды.
Топтар сөйлейді, қорғайды, анықтайды, салыстырады.
- Өте жақсы. Мұғалім – бар маманның ішіндегі ең алғыр, жандары білімге жақын жандар екеніне бүгін де көзіміз жетіп отыр. «Мұғалімнің үлгісі: “Дауыстап айтылатын ой” стратегиясы бойынша бір мұғалімді ортаға шақырғым келіп тұр. Үлгісі бойынша мәтінмен жасаған іс-әрекеттеріңізге дауыстап түсініктеме беріп көріңізші.
- Достар, қазір сергіту сәті, байқасаңыздар, қайта-қайта оқылым болып жатыр, бәріміз бірге қағаздағы әннің сөзін оқимыз, ән шырқаймыз әрі билейміз. ("Болайық таныс" әнінің сөзі жазылған парақшалар таратылады, музыка ойнайды).
Жаңа лексикалық бірліктерді оқуға бағытталған стратегиялар:
Оқыған сөздерді жақсы есте сақтау үшін суреттер пайдаланыңыз;
2. “Оқы-қара-жап-айт-жаз-тексер” техникасы:
- Оқыңыз .
- Оны жауып тастаңыз.
- Оны ауызша айтып шығыңыз.
- Оны есте сақтауыңыз бойынша жазып шығыңыз.
- Жазғаныңызды тексеріңіз.
- Егер қате жіберсеңіз, жоғарыда жазылған тізім бойынша қайталаңыз.
- Жаңа сөздердің тізімін жасаңыз, бос уақытыңызда қайталап отырыңыз.
- Жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
“Көптік таңдау”:
ұсынылған нұсқалардың ішінен дұрысын таңдау;
мәтін мазмұнына сай/сай емес тұжырымдарды анықтау
- ақпараттың мәтін мазмұнына қатысты шын/жалғандығын белгілеу
Достарыңызбен бөлісу: |