Дәріс №12. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау: топтық, ӛзін-ӛзі
Оқыту әдістері/дәріс түрі
: кӛрнекі-түсіндірме, талдау-жинақтау/ақпараттық.
Оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар
:
интерактивті тақта,
компьютер, презентациялар.
Дәрістің оқыту нәтижелері:
1. Топтық жұмыс жүргізудің мәні мен маңызын айтып береді.
2. Топтық жұмыс жүргізудің әдістемесін және оны ӛткізуді ұйымдастыру мен
бағалауды түсіндіреді.
3. Ӛзін-ӛзі бағалау және оны жүзеге асыру шарттарын кӛрсетіп береді.
Дәрістің мазмұны (жоспары):
1. Топтық жұмыс жүргізудің мәні мен маңызы.
2. Топтық жұмыс жүргізудің әдістемесі және оны ӛткізуді ұйымдастыру мен бағалау.
3. Ӛзін-ӛзі бағалау және оны жүзеге асыру шарттары.
Дәрістің тезистері:
1. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесін айқындап алу үшін ынтымақтастық оқу мен
бірлескен оқудың мәнін айқындап алу қажет.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби
білім беру бағдарламасында
ынтымақтастық оқу мен бірлескен оқудың мәнін нақты айқындаған.
Оқу жетістіктері оқытудың қол жеткізілген нәтижесі, білім алушының ӛзін-ӛзі
жетілдіруге деген ұмтылысының кӛрінісі, оқу іс-әрекетінде алға жылжудың дәлелі ретінде
ұсынылған. Оқу жетістіктерінің деңгейлері – білім алушылардың оқу жетістіктерінің
маңыздылығы, шамасы мен дамуы дәрежесі.
Ынтымақтастық оқу
– ӛзара іс-әрекет жасау философиясы, бірлескен жұмыс соңғы
нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған ӛзара әрекеттің құрылымы.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып
табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен
кезде ынтымақтастық
адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесін құрметтей отырып жұмыс
істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік
пен жауапкершілікті бӛлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ
мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға жетуге негізделген.
Бірлескен оқудың мәні неде?
Ынтымақтастық оқу
– оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл
проблемаларды
шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлде бір ӛнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін
оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет
ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар
бір-бірімен әңгімелеседі, және осы
әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті,
бірақ та бірлескен
оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1) Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және ӛздері игерген мәліметті бұған дейін
меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2) Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес,
құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды ӛңдеуі және қорытуын талап етеді.
3) Қатысушылар әр адамдардың кӛзқарасымен танысудан пайда алады.
4) Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.
Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар
ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін
ұғады.
Интербелсенді оқу/оқыту – дегеніміз ол жұптасып немесе шағын топ ішінде қоян
қолтық араласып жұмыс жасау деген сӛз, яғни бірлесе отырып жұмыс жасау.
Ғалым А.Әлімов ӛзінің еңбектерінде «Интербелсенді
оқуды ұйымдастыру
ережелерін» айқындаған:
Бірінші ереже: Сынып бӛлмесін жұмысқа дайындау.
Екінші ереже: Топқа бӛлу.
Үшінші ереже: Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.
Тӛртінші ереже: Жұмыс ережелерін қабылдау.
Бесінші ереже: Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Алтыншы ереже: Барлық үйренушілер жұмысқа қатынасады.
Жетінші ереже: Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалады.
Сегізінші ереже: Жазбаша жұмыстар.
Тоғызыншы ереже: Кері байланыс.
Нәтижесінде – жаңаша білім беру стилін жетілдіріледі, оқу үдерісіне жаңа
технологияларды енгізу, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне кӛмек кӛрсете
алу.